AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаздар Отанға адал...

Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Әлеумет 24.06.2024, 14:13 791 dulatbekova
Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
Сурет: Gov.kz

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскерге шақырылушылардың ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Сарбаздар әскери институттың күзеті мен қорғанысына жауап беретін ротада қызмет етеді. Бір айлық жас жауынгер курсынан үйренген олар Отанға адал қызмет етуге және әскери борышын лайықты орындауға ант берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға білім ордасының жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскерге қабылданғандардың туған-туыстары қатысты.

Құттықтау сөзінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының орынбасары полковник Ойрат Атыкенов бұл оқиғаның жас сарбаздар үшін маңыздылығын атап өтті.

– Бүгін сендер әскери борыштарыңды лайықты орындауға және

Отан қорғауға ант бердіңдер. Сендерге жауынгерлік дайындықта сәттілік тілеймін. Әскери қызмет сендердің өмірлік және кәсіби жоспарларыңды жүзеге асыруда сенімді бастама боларына сенімдімін, – деді ол.

Қатардағы жауынгер Санжар Иген әскери қызмет туралы былай дейді.

– Мен әскерге өз еркіммен келдім, өйткені бұл өзімді шыңдап көруге берілген жақсы мүмкіндік. Бұл ай өте қарқынды өтті, көп нәрсені үйрендік, жаңа ортаға бейімделдік және жүктелген тапсырмаларды орындауға дайынбыз. Меніңше, бір жыл тез ақ өтеді", – деді ол.  

Салтанатты рәсімнің соңында сарбаздар әскери бөлім қонақтарына қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Содан кейін әскери оркестрдің үнімен саптық алаңда алдағы қызметке сақадай сай екендерін көрсете салтанатты маршпен жүріп өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #ант беру #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);