AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мемлекеттік статистика саласында не өзгер...

Алматыда мемлекеттік статистика саласында не өзгергені жайлы айтылды

Әлеумет 07.11.2023, 05:18 1,075
Алматыда мемлекеттік статистика саласында не өзгергені жайлы айтылды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл сайын 8 қарашада статистика органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – статистика күнін атап өтеді.


Биыл Қазақстан статистикасына -  103 жыл. Кәсіби мереке қарсаңында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Талғат Мұхаметқазиев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап өтетін жайт, мереке күні ретінде 8 қарашаның белгілену себебі: дәл осы күні 1920 жылы Қазақ КСР-де статистика қызметі құрылды. 


«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: статистикалық қызмет – осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді өңдеуді, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс. 



 «Соңғы жылдары біздің республикамызда статистикалық мәліметтерге деген қызығушылық айтарлықтай өсті, статистикалық ақпаратты пайдаланушылар шеңбері тұрақты түрде кеңейіп келеді. Бүгінде мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, іскертоптар, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ студенттер мен оқушылар қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілері туралы өзекті және объективті ақпарат алуға мүдделі», - дейді Талғат Мұхаметқазиев.



 Мұндай ақпараттың негізгі көзі мемлекеттік статистика болып табылады, оның жұмысының маңызды қағидаттарының бірі пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың объективті сапалы және өзекті статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру Департамент үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. 


Жиналған статистикалық деректер мемлекеттік шешімдер қабылдауға, бизнес шешімдер қабылдауға әсер етеді, біз елдің және әлемнің экономикалық және саяси қызметінің қалай дамып жатқанын, қазіргі адамзат қоғамының қалай дамып жатқанын байқай аламыз.



«Статистикалық ақпаратты өндіру үшін Департамент 100 мыңнан астам заңды тұлғалардан, филиалдар мен өкілдіктерден, 235 мың жеке кәсіпкерлерден, 13 мың үй шаруашылықтарынан статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырады», - деп жалғастырды ол. 



Респонденттерге жүктемені төмендету, респонденттердің қаржылық, еңбек және уақыт шығындарын төмендету, әкімшілік кедергілерді жою, енгізу кезінде қателер тәуекелдерін азайту, бастапқы деректерді жедел және сапалы жинауды қамтамасыз ету мақсатында респонденттерге бастапқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz ресми Интернет-ресурсында орналасқан «Респонденттің кабинеті» арқылы жүзеге асырылатын онлайн режимде электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі ұсынылды. 


Бұл ретте, статистикалық нысандарды уақтылы ұсынбау, сондай-ақ ұсынбау Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өткен жөн. 


2022 жылдың соңында Ұлттық статистика бюросының логотипі ребрендингтен өтіп, stat.gov.kz сайты жаңартылғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта пайдаланушылар сайттың қызықты, көркем, жұмыс істеуге ыңғайлы екенін атап өтуде. 


Жаңартылған сайтта жас бухгалтерлер үшін «Респонденттерге» батырмасында «Статистикалық нысандарды толтыру бойынша видео-нұсқаулықтар» жаңа функциясын атап өтуге болады.


Сонымен қатар, деректермен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында Data Literacy бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама статистикалық сауаттылықты арттыруға және деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін енгізуге бағытталған және статистика саласы  аудиториясының үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #статистика #кәсіби мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);