AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Әлеумет 23.08.2024, 14:27 1,443 dulatbekova
Алматыда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті
Cурет: Қайрат Қоныспаев

Алматы қаласында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, мыңнан астам қала тұрғыны мамандардан кеңес алды.

Бұл іс-шараны Медеу ауданының әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жәрмеңке мегаполис тұрғындарына бір алаңда түрлі мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Іс-шараның өтетін орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Көк  базар – қаладағы ең көп баратын орындардың бірі, ал бізге мүмкіндігінше көп адамды ақпараттандыру маңызды болды. Мамандардың халықпен кездесуі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 30 мемлекеттік орган қатысып отыр.

"Жалпы, акиматқа қала тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жиі жүгінеді: мүлікті заңдастыру және рәсімдеу, әлеуметтік қызметтер алу. Коммуналдық қызметтер бойынша да бірқатар сұрақтар бар, сондықтан біз іс-шараға «Алматы су» МКК өкілдерін шақырдық. Біздің ауданның тұрғындары уақтылы ақпарат алып, сапалы мемлекеттік қызметтер алуы маңызды. Медеу ауданында шамамен 230 мың адам тұрады, оның ішінде шамамен 30 мың зейнеткер, 3 мыңға жуық мүгедек, шамамен 2,5 мың көпбалалы ана бар", – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.

Іс-шараға ХҚКО, АХАТ, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, Алматының мансап орталығы және басқа да мекемелердің өкілдері қатысты.

Алматылық Салтанат Жаналиева мектеп және тұрғын үй беру мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарға жауап алды.

- Білікті мамандардан толық кеңес алдым, жауаптарға ризамын. Барлығы түсінікті, рахмет. Мұндай іс-шаралар халық үшін пайдалы деп есептеймін, әсіресе уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Қазір бір жерде бірнеше мемлекеттік орган шоғырланған, соның арқасында өз мәселелерімді бір сағатқа жетпейтін уақытта шешіп алдым, ал мемлекеттік мекемелерді жеке-жеке аралау бір күнге созылады, – деп бөлісті өз пікірін тұрғын.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мемлекеттік қызметтерді басқару басқармасының басшысы Мақсат Жаңбыршиев халықпен кездесу «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұл биылғы жылы өткізілген алтыншы мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланың әртүрлі аудандарында осындай тағы екі іс-шара өткізу жоспарлануда

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мемлекеттік қызметтер #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);