AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мембағдарлама аясында көп пәтерлі тұрғын...

Алматыда мембағдарлама аясында көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге болады

Әлеумет 06.04.2022, 03:02 1,111
Алматыда мембағдарлама аясында көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге болады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу шарттарын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


«Ортақ мүлікті күтіп ұстау пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне жүктеледі. Лифт жабдықтарын ауыстыру жинақ шотындағы қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Егер шотта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат жеткіліксіз болса, үй иелері «Нұрлы жер» көп пәтерлі тұрғын үйді жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады. Бағдарлама бойынша қаражат жергілікті бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейін өтеу мерзімімен пайызсыз бөліп төлеу арқылы беріледі.



Алайда, бағдарламаға қатысу үшін жиында қабылданған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі қажет. Оң шешім қабылдаған соң, қызметті басқару органы барлық растаушы материалдармен қоса, Гоголь көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан «Алматы Тұрғын үй» ЖШС операторына хат жіберуі керек. Сондай-ақ +7 (727) 390-22-09, +7 (702) 000-64-45 телефондары арқылы кеңес алуға болады», - делінеді басқарманың хабарламасында.



Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері 62 үйде 112 лифт ауыстырылды. Жыл соңына дейін барлығы 350 жеделсатыны ауыстыру жоспарлануда.


Айта кетейік, «Нұрлы жер» - 2020-2025 жылдар аралығына есептелген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғындар #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);