AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мектеп оқушылары терроризмге қарсы тақыры...

Алматыда мектеп оқушылары терроризмге қарсы тақырыпта сурет салды

Әлеумет 12.03.2026, 09:07 566
Алматыда мектеп оқушылары терроризмге қарсы тақырыпта сурет салды
Сурет: timesrepublican.com

Алматы қаласында ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Біз терроризмге қарсымыз!» тақырыбында сурет салу байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында терроризмге қарсы көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру және бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылық құндылықтарын насихаттау. Байқау барысында қатысушыларға «Біз терроризмге қарсымыз!» жазуы бар арнайы баннер дайындалып, телеэкран арқылы қарсы насихаттық бейнероликтер көрсетілді.

Оқушылар өздерінің салған суреттерін комиссия мүшелеріне таныстырып, тақырып бойынша ашық пікір алмасуға қатысты.

Іс-шараға ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің басшылығы, қала прокуратурасы, полиция департаменті, сондай-ақ білім, спорт және дін істері басқармаларының өкілдері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара жасөспірімдердің терроризмнің алдын алу мәселелері туралы хабардарлығын арттырып, қоғамда бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #сурет байқауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);