AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы...

Алматыда «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы басталады 

Әлеумет 03.11.2021, 13:30 1,337
Алматыда «Медеу» мұз айдынының мерейтойлық маусымы басталады 
almaty-akshamy.kz

 Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымының басталғанын мәлімдеді  - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


50-ші мерейтойлық маусымның ашылуы 5 қарашада өтеді. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, мұз айдынында бір мезгілде 2 500-ге жуық адам бола алады. Мұз айдынының жобалық сыйымдылығы – 8 600 адам, оның 30%-ы – 2 580 адам. 
 
«Медеуге» кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. 
 
Биік таулы мұз айдынының қызметкерлері өз қонақтарына бірқатар жағымды жаңалықтар дайындады. Мысалы, жаппай және мәнерлеп сырғанауды ұнататындар мұздағы өз шеберліктерін жаңа жарықпен безендіре алады. Сонымен қатар, жалға беру аймағы өзгерді. Алғаш рет конькиді кепілсіз жалға беру жүйесі енгізілді. 



Өткен жылмен салыстырғанда сеанстер ұзартылды  және 3 сағатқа ұлғайды. Демалыс және мереке күндері кешкі сеанс сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. 7 жасқа дейінгі балалар, көпбалалы отбасылардың балалары, барлық санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлер тегін кіру құқығына ие. 



Оқушылар мен студенттер үшін билет құны биыл өзгерген жоқ. Мұз айдынына барған кезде жұмыс күндері таңғы сеанстарда балалар үшін билет құны 400 теңге, студенттер үшін – 600 теңге. Демалыс және мереке күндері кешкі сеанстарға кіру билеттері азаматтардың басқа санаттары үшін 2 800 теңге тұрады. 
 
Айта кетерлігі, енді қала тұрғындарына танымал мұз айдынына жету ыңғайлы болады, қала әкімдігінің бастамасымен №12 автобустың бағыты ұзарды,енді соңғы автобус «Медеуден» қалаға сағат 00.30-да шығады. 



Бұдан өзге, «Балуан Шолақ спорт сарайы – «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс автобустың жұмысы қайта жанданды. Бастапқы кезеңде экспресс демалыс және мереке күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді, жол жүру құны – 200 теңге.



Айта кетерлігі, Алматы тұрғындары арасында белсенді өмір салтына деген қызығушылық жылдан -жылға артып келеді. Қала әкімдігі түрлі жастағы адамдар үшін тартымды орынға айналатын көптеген спорт алаңдарын ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #мұзайдыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);