AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Мәуліт мерекесі аталып өтті

Алматыда Мәуліт мерекесі аталып өтті

Әлеумет 10.10.2022, 07:02 2,145
Алматыда Мәуліт мерекесі аталып өтті
Cурет: Qazaqstan.tv

Алматыдағы Республика сарайында «Мейірімді Мұхаммед ﷺ» рухани мәуліт кеші өтті. 


Кешке ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жиналған халықты құттықтап арнайы баяндама жасады. Алматы қаласы әкімінің құттықтау хатын қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов оқып берді. Мәуліт кешіне демеушілік жасаған кәсіпкер Бахреддин Нұғманұлы және зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаты мен имамдар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақын, сазгер Жәкен Омаров жылдағы дәстүрмен пайғамбарымыздың өмірбаянын қазақ тілінде жырлап, биыл хижреттің 4-5 жылдар оқиғасын баяндады. Бұған дейінгі мәуліт мерекелерінде Пайғамбарымыздың балалық шағы, одан кейін пайғамбарлықтың келуі, миғражға көтерілуі, одан кейін хижреттің алғашқы жылдары мен Бәдір соғысы, Ухуд соғысы, хазреті Хамзаның шейіт болуына тоқталған болатын.


Мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры ұжымы сахналық қойылымдар қойды.  «Хас-Сақ» этно-фольклорлық ансаблі, Қанатбек Полатбек және Ринат Төре сынды эстрада әншілері иләһи әндер орындап, пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді. Сонымен қатар Пайғамбар сүннетін өміріне темірқазық етіп өсіп келе жатқан жас жеткіншектер пайғамбарымыз жайлы поэзия оқыды. Пайғамбар өмірінен мол мағлұмат беретін көрме ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.


Кеш соңында Бас мүфти рухани іс-шараның өтуіне демеушілік жасаған белгілі меценат Бахаридин Нұғманұлын «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медальмен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік бағдарламаға үлес қосқан белгілі жыршы Жәкен Омаровқа, «Өнер қырандары» мен «Хас-Сақ» ұжымына алғыс хатын табыстап, ризашылық ниетін жеткізді. Сонымен қатар билеттен түскен қаражаттан «Мәуліт сыйы» ретінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің жаңа ғимаратының құрылысына 4 000 000 теңгенің сертификаты берілді. Көмекке мұқтаж азаматтарға қаржылай сертификаттар табысталды. «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша республика бойынша 596-баспана, Алматы қаласы бойынша 20-шы баспана кілтін Түрксіб аудандық «Мекке» мешітінің имамы, 7 баланың әкесі Рахматулла Моллақағанатұлына табыстады. Бұдан бөлек, Алматы Орталық мешітінің жанынан ашылған онлайн-құран курсының белсенді ұстазына тосын сый ретінде ұмра қажылығының сертификаты берілді. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәуліт #мереке #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);