AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мас жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қ...

Алматыда мас жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Заң мен тəртіп 10.02.2025, 11:46 945 dulatbekova
Алматыда мас жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Polisia.kz

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтауға бағытталған кең ауқымды рейд ұйымдастырылды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, алдын алу шарасы барысында мас күйінде көлік басқарған 27 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сот олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік жаза тағайындап, кемінде 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды. 

Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаевтың айтуынша, көлікті мас күйінде тізгіндеу ауыр зардаптарға әкелетін құқық бұзушылықтардың бірі. 

- Тәжірибе көрсеткендей, есірткі немесе алкоголь қолданған жүргізушілер әлі де кездеседі. Мұндай жағдайларда жиі кездесетін сценарий: бір топ адам бірге ішімдік ішеді, содан кейін жүргізуші көлікпен үйіне қайтуға шешім қабылдайды. Ол өзіне тым сенімді болып, еш қиындықсыз жете алатынына сенеді. Алайда өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбінесе ауыр жол-көлік оқиғаларымен аяқталып жатады. Мас жүргізушілер тоқтатылған кезде, олар түрлі сылтау айтып, жауапкершіліктен құтылуға тырысады. Бірі дәрі ішкенін алға тартса, енді бірі тек аз ғана жол жүргенін айтады. Бірақ бұл жерде ешқандай ақталу болмауы керек. Егер адам мас болса, ол рөлге отырмауы тиіс. Әйтпесе, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Бұл – өмірдің ащы шындығы: мас жүргізуші – қылмыскер", – деп атап өтті ол. 

Демалыс күндері алдыңғы шептегі полиция бөлімшелері 112 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде: 27 – көлік құралын мас күйінде басқару, 1 – жүргізу құқығы жоқ адамның көлік жүргізуі, 16 – қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 20 – маневр жасау ережесін бұзу, 10 – апаттық жағдай туындату, 20 – көлікті тұраққа қою ережесін бұзу, 2 – мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқару. Алматы қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде рөлге отыру – өз өміріңе де, өзгенің өміріне де қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мас жүргізушілер #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);