AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Мамыр-5 шағын ауданында емхананың жаңа фи...

Алматыда Мамыр-5 шағын ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды

Әлеумет 11.09.2023, 08:03 993
Алматыда Мамыр-5 шағын ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Ерболат Досаев Мамыр-5 шағын ауданындағы 200 адам қабылдайтын емхананың жаңа филиалының жұмысымен танысты




Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында осы жылдың қыркүйек айының жұмыс істей бастаған №18 қалалық емхананың жаңа филиалына барды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Емхананың жаңа ғимаратқа көшуі Мамыр, Дубок, Таугүл-3 шағын аудандарының 20 мың тұрғыны үшін қуанышты жаңалық болды. Айта кетейік, бүгінге дейін емхананың барлық филиалына жұмыс артығымен жүктелген еді. Бұған дейін 2018 жылдан бастап тұрғындардың біразына 60 шаршы метрлік пәтерде орналасқан амбулаторияда қызмет көрсетілген.


Ерболат Досаев медициналық кабинеттерді көріп, қажетті техникамен жабдықталғанын тексерді, дәрігерлермен цифрлық кезекті талқылады және емханадағы қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығы жөнінде келушілермен әңгімелесті.


ШЖҚ "№18 қалалық емхана" КМК бас дәрігері Сәулет Қыдырбекова филиалдың ауысымына 200 келуге арналғанын айтты. Жаңа ғимаратта бейінді мамандардың 35 кабинеті, дәрігерге дейінгі тексеру, скрининг және күндізгі стационар қарастырылған. Барлық кабинет заманауи жабдықтармен жабдықталған, УДЗ, ЭКГ, аудиограф, кольпоскоп аппараттары және білікті медициналық-санитарлық көмек көрсету мен кеңес беру үшін қажетті өзге де құрылғылар бар.



№ 18 емхана алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жаңа бірыңғай стандартына сәйкес келеді. Бұл стандарт медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық сынды 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуге негізделген.


Емхана тұрғын үйлерден жаяу бара алатындай жерде орналасқан және автокөліктің барлық түріне, соның ішінде қоғамдық көліктерде ыңғайлы кірме жолдары бар.



Биыл Алматыда Жетісу және Әуезов ауданында барлығы 2 жаңа емхана ашылды, сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға енген 4 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Қазіргі уақытта 11 емхана мен отбасылық амбулаториялық амбулаторияға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Қолданыстағы 10 ірі көпсалалы стационар мен перзентхана салу және жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мамыр #емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);