AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда мамандандырылған медициналық көмектің қол...

Алматыда мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін құзырет орталықтарының жұмысы дамып келеді

Медицина 11.09.2026, 16:35 262
Алматыда мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін құзырет орталықтарының жұмысы дамып келеді

Алматыда құзырет орталықтары базасында мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл мәселе Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов пен қаладағы медициналық ұйымдардың басшылары қатысқан жиында талқыланды.

№1 қалалық клиникалық аурухана жанында пульмонология және аллергология бойынша Құзырет орталығы жұмыс істейді. Орталық тиісті қызметтің жұмысын үйлестіріп, сараптамалық қолдау көрсетеді, науқастарды тиісті медициналық ұйымдарға бағыттайды және мамандардың біліктілігін арттыруға қатысады. 2026 жылы наурыз-тамыз айларында мұнда пульмонология бойынша 1 156 кеңес беріліп, аллергология және иммунология бойынша 3 473 өтініш тіркелген.

Қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасы жанында урология, нефрология, сондай-ақ жүйке жүйесінің аутоиммунды және орфандық ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша құзырет орталықтары жұмыс істейді. 2026 жылдың сегіз айында урология орталығында 125 сараптамалық кеңес беріліп, 202 ота жасалған. Неврология орталығында 112 пациентке кеңес беріліп, тағы 124 науқас тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда медициналық көмек алған. Нефрология орталығында 69 сараптамалық кеңес жүргізіліп, 87 пациент гемодиализ алған.

Құзырет орталықтары науқастарды әрі қарай емдеу тактикасын анықтауға, сараптамалық бағалау жүргізуге және оларды тиісті медициналық көмекке бағыттауға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған міндеттер айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медициналық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);