ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мамандандырылған ХҚКО қызметін жетілдіру...

Алматыда мамандандырылған ХҚКО қызметін жетілдіру мәселесі талқыланды

Әлеумет 20.03.2025, 15:50 695
Алматыда мамандандырылған  ХҚКО қызметін жетілдіру мәселесі талқыланды
aqshamnews.kz
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс...

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы (ВАЖТ) көшпелі отырыс өткізді.

Отырыстың негізгі мақсаты – автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызметін талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болды.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шынарай Әлімхан, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева және ВАЖТ мүшелері қатысты. Жұмыс тобы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы ұсынған ақпаратпен танысып, мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы барысында туындайтын мәселелерді жан-жақты талқылады.

Жиын барысында қазіргі таңда елімізде мопедтерді тіркеу және оларды басқару ережелеріне қатысты енгізіліп жатқан өзгерістер де назарға алынды. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Осыған байланысты аталған мерзімге дейін мопед иелері өз көліктерін заңдастырып, қажетті жүргізуші куәлігін алуы тиіс. Жұмыс тобы осы мәселе бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысып, оны халыққа кеңінен түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша ВАЖТ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалына ХҚКО қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау, теориялық емтихан тапсыратын компьютерлердің санын көбейту, мамандандырылған ХҚКО-ларда медициналық тексеру мекемелерінің санын көбейту мүмкіндігін қарастыру секілді бірқатар нақты ұсыныстар берді.

Айта кетейік, жұмыс тобы мамандандырылған ХҚКО қызметін жақсарту халыққа сапалы әрі жедел қызмет көрсетудің негізгі тетігі екенін атап өтті. Алдағы уақытта бұл ұсыныстардың жүзеге асырылуы қала тұрғындарының қызмет алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,316 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.