AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне о...

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Мәдени Алматы 22.05.2026, 20:26 252 yakiya
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ 55 сала қызметкеріне пәтер кілті табысталды

Алматыда мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бір топ азаматқа құрмет көрсетілді. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының Жарлығымен 13 азаматқа мемлекеттік награда табыстап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен шығармашылық ұжымдарда табанды еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне пәтер кілтін тапсырды.

Алматы – ел руханиятының алтын бесігі. Шаһарда 158 мәдени мекеме жұмыс істеп тұр. Мұнда 7 мыңға жуық маман еңбек етеді. Кәсіби мерекеге орай мәдениет майталмандарының еңбегі еленіп, салаға сүбелі үлес қосқан бірқатар жан мемлекеттік наградаларға ие болды. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 13 азаматқа «Парасат», «Құрмет» орденін және «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

«Мәдениет, өнер саласын да қаншама жылдар бойы тер төгіп, елге қызмет жасап жүрген әріптестерімді, достарымды, жалпы мәдениетке еңбек сіңіріп жүрген адамдарды құттықтаймын. Өте лайықты адамдарға беріліп жатыр, қуаныштымын!» – деді  «Парасат» орденінің иегері Мейрамбек Бесбаев.

 «Өнерімізді депеп, жоғары бағалаған өнерге барымды салатыныма сенімдімін. Сондықтан да биіктен көріне берейік. Өнер адамдарының мерекесі құтты болсын», – деді  «Парасат» орденінің иегері Қаракөз Тілеубекова.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының атынан Аида Балаева музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен шығармашылық ұжымдарда ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп жүрген мәдениет саласының 55 өкіліне пәтер кілтін табыстады. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында Қанат Омаров та бар. ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінде 16 жылдан бері бас дирижер қызметін атқарып келе жатқан маманға екі бөлмелі пәтер берілді.

«Қуанышымда шек жоқ. Отбасымның атынан Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің әр мүшесіне рахмет айтамын. Өйткені дирижер оркестрсіз ешкім емес. Әріптестерімнің арқасында үй алды, рахмет!» – деді«Құрмет» орденінің иегері Қанат Омаров.

 Ал кеше елорда төрінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласының өкіліне пәтер кілтін табыстады. Баспаналы болғандардың қатарында 24 жылдан бері жас ұрпақтың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті сіңіріп келе жатқан ұстаз Сания Оспанқұлова да бар. Ұзақ жылғы еңбегі еленген педагог Алматы қаласынан 63 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтерге ие болды.

«Үш баланың анасымын, сондықтан баспана біздің отбасы үшін үлкен сый болды. Ел мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген жандарға осындай қамқорлық көрсетіліп жатқанына ерекше ризамын. Президентімізге шынайы алғысымды білдіремін. Өнер мен мәдениетке деген қолдау жалғаса берсе, ұлттық руханиятымыздың да еңсесі биік болары сөзсіз», – деді ¤А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының скрипка пәні оқытушысы Сания Оспанқұлова.

Айта кетейік, еліміздің мәдениет пен өнер саласында 60 мыңға жуық маман еңбек етеді. Соңғы жылдары руханият ошақтарының әлеуетін арттыруға басымдық беріліп келеді. Соңғы бес жыл ішінде ел аумағында 150-ден астам жаңа мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Биыл тағы 64 мәдениет ошағының құрылысы жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);