конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда мәдениет қайраткерлері референдум қарсаңы...

Алматыда мәдениет қайраткерлері референдум қарсаңында конституция жобасы туралы пікір білдірді

Референдум 05.03.2026, 12:25 580
Алматыда мәдениет қайраткерлері референдум қарсаңында конституция жобасы туралы пікір білдірді

Алматыда шығармашылық және академиялық қауымдастық өкілдері конституция жобасы мен алдағы референдум жөнінде пікір білдіріп, оның мемлекет пен мәдениет саласына болашақта қалай әсер ететінін айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Режиссер, өнер қайраткері Болат Қалымбетов негізгі заңның стратегиялық рөлін атап өтті.

«Конституция – біздің негізгі заңымыз, үлкен стратегиялық құжат. Тереңірек ойласақ, дәл осы құжатта болашақ мемлекеттің негізі мен оның тәуелсіздігінің кепілдігі қаланған. Академия студенттері, оқытушылар, профессорлар, халық әртістері – барлығымыз азаматтық ұстанымымызды танытып, бір кісідей референдумға келуіміз керек», – дейді ол.

Профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмақын Қайрамбаев кез келген қоғам үшін негізгі заңның тарихи маңызы өте зор екенін айтады.

«Ежелгі заманнан бүгінге дейін әр халықтың өз негізгі заңы болған. Кейде ол ауызша, кейде жазбаша түрде болғанымен, бірақ болған ол. XXI ғасырда тәуелсіздікті, тілімізді, ұлтаралық келісімді сақтау үшін берік құқықтық негіз болуы керек. Біз үшін мұндай негіз – конституция».

Өнертанушы, профессор Бақыт Нұрпейіс жаңа конституция жобасындағы зияткерлік меншікті қорғауға қатысты бапқа тоқталды.

«Қазір жаңа конституция жобасын бәрі талқылап жатыр. Менің ойымша, онда зияткерлік меншік мәселелеріне көп көңіл бөлінген, бұл әсіресе өнер саласы үшін өте керек дүние. Әңгіме сценарийге, музыкалық шығарма мен басқа да шығармашылық еңбекке авторлық құқықты қорғау туралы болып отыр. Алдағы өзгерістер мәдениетті сақтау мен дамытуға оң ықпал етеді деген үміт бар», – деп қорытты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);