AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда мәдени мұраның бірегей қорлары цифрлық жү...

Алматыда мәдени мұраның бірегей қорлары цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр

Алматы Бүгін 14:08 48 yakiya
Алматыда мәдени мұраның бірегей қорлары цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Осы бағыттағы негізгі жобалардың бірі – әдебиеттану, фольклортану және өнертану салаларын цифрлық трансформациялау, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда мәдени мұраны цифрландыру, ғылыми деректер базаларын құру және гуманитарлық зерттеулерге заманауи технологияларды енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Кенжехан Матыжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде институт - ұлттық мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау бойынша еліміздегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі.

Архивтік материалдар мен ғылыми қорларды цифрландыруға ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта институт құрылымында Мәдени мұраны цифрландыру жөніндегі ғылыми-инновациялық орталық жұмыс істейді. Орталық заманауи технологияларды пайдалана отырып, бірегей материалдарды сақтап, оларды ғылымға енгізумен айналысады.

«Бүгінде гуманитарлық ғылым белсенді түрде цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Біздің міндетіміз – мәдени мұраны сақтап қана қоймай, оны заманауи цифрлық құралдардың көмегімен зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді ету», – деді Кенжехан Матыжанов.

Қазіргі уақытта институт «Қазақстанның әдебиеттану, фольклортану және өнертану экожүйесін цифрлық трансформациялау: пәнаралық зерттеулер» атты іргелі ғылыми жобаны жүзеге асыруда. Жоба цифрлық ғылыми ресурстарды құруға, деректер базасын қалыптастыруға және зерттеу қызметіне жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Институт көптеген жылдар бойы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігіне айналған ондаған іргелі ғылыми басылымдарды дайындады. Олардың қатарында «Бабалар сөзі» 100 томдығы, Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық жинағы, «Әдеби жәдігерлердің» 20 томдығы, «Қазақ әдебиетінің тарихы» 10 томдығы, қазақ музыкасының антологиялары және басқа да көптомдық басылымдар бар.

Кейінгі жылдары Абай Құнанбайұлының, Жамбыл Жабаевтың, Ахмет Байтұрсынұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Қаныш Сәтбаевтың және Жүсіпбек Аймауытовтың академиялық шығармалар жинақтары да жарық көрді.

Фольклорлық мұраны цифрландыру да маңызды бағыттардың бірі. «Ұлы даланың фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» бағдарламасы аясында көптомдық антологиялар дайындалып, олар тек баспа түрінде ғана емес, электрондық және аудио форматтарда да шығарылды.

Спикердің айтуынша, институт ұлттық мәдени мұраны сақтау және насихаттау жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, тарихи жады мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған жаңа зерттеу жобаларын дамыта береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдени мұра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

Бүгін 15:10

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күні

Бүгін 15:05

Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне алғыс айтады

Бүгін 13:20

«Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады

Бүгін 12:36

Жаңа Конституция бойынша 1 шілдеден бастап не өзгереді?

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);