Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда LED-экрандағы жарнамаға салынатын жаңа са...

Алматыда LED-экрандағы жарнамаға салынатын жаңа салық мөлшерлемесі бекітілді

Әлеумет 28.08.2024, 12:39 1,423
Алматыда LED-экрандағы жарнамаға салынатын жаңа салық мөлшерлемесі бекітілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

LED-экрандағы жарнамаға салынатын салық мөлшерлемесін арттыру Алматы бюджетіне түсетін түсімді жылына 672 млн теңгеге көбейтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті XXII сессиясы өтіп, депутаттар мегаполис аумағында сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің жаңа мөлшерлемесін бекітті.

Өзгеріс LED-экран түріндегі нысанға жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлемге әсер етті. Бұрын Салық кодексінің мөлшерлемесіне сәйкес жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлем – 20 АЕК (73 840 теңге) болса, енді мәслихат шешіміне сәйкес «А» санатына жататын көшелерде орналасқан нысандар бойынша ай сайынғы төлем – 40 АЕК (147 680 теңге) болады.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев айтқандай, ай сайынғы төлемнің базалық мөлшерлемесінің өсуі Алматының еліміздегі ең ірі мегаполис болуына және ашық кеңістікте орналастырылған жарнаманың әлеуетті тұтынушыларының көптігіне байланысты.

Сонымен қатар, ол бұл нысандар электр қуатына, жер учаскелеріне қосымша жүктеме түсіретінін, сондай-ақ ретсіз көрініс тудыратынын атады, тиісінше бұл шығындар төлем мөлшерлемесінің өсуі арқылы өтелуге тиіс.

«Қала аумағында 825 LED-экран бар, оның 728-і «А» санатына жататын көшелерде орналасқан. Бұл ретте, бір LED-экранда ай сайын 10-нан 15-ке дейін жарнама беруші өнімін орналастырылады. Мөлшерлеменің өзгеруі жергілікті бюджетті айына 55,9 млн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Боранбаев. 

Оның айтуынша, қала кәсіпкерлеріне осы өзгерістерді биыл ақпан айында хабарланған. Қаулының тиісті жобасы «Ашық НҚА» сайтында көпшілік талқылау үшін жарияланды.

Бұған қоса, өтпелі кезең беріледі, жаңа мөлшерлемелер осы жылдың қараша айында күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #LED-экран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.