конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда лазерлік жүйенің көмегімен балалардағы кү...

Алматыда лазерлік жүйенің көмегімен балалардағы күрделі көз патологиясын емдей бастайды

Медицина 13.11.2024, 11:44 829
Алматыда лазерлік жүйенің көмегімен балалардағы күрделі көз патологиясын емдей бастайды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда балалардағы күрделі көз ауруларын емдеу әдістері белсенді түрде жетілдірілуде.

Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде Constellation Vision лазерлік хирургиялық жүйесінің көмегімен күрделі витреоретиналды патологиялар кезінде операциялар жүргізіле бастайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Витреоретиналды хирургия жоғары технологияны қажет ететін торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауыр ауруларына арналған операцияларды қамтиды. Бұл бағыт бүкіл әлемде белсенді дамып келеді.

«Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының Көз микрохирургиясы бөлімшесінде біздің кішкентай пациенттеріміз шала туған нәрестелердің ретинопатиясын, отбасылық экссудативті витреоретинопатияны, Коатс ретинитін және көздің басқа да ауыр ауруларын емдеу бойынша операциядан өте алады», — деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.

Бұрын мұндай патологиясы бар балалар квота бойынша шетелге жіберілетін. Енді олар Алматыда қажетті көмек ала алады. Соңғы жылдары Қазақстанда балаларда торлы қабық пен шыны тәрізді дене патологиясы жағдайларының өсуі байқалады.

«Гаджеттердің кеңінен қолданылуын ескере отырып, визуалды патология мәселесі өзекті бола түсуде және лазерлік көруді түзету балалар офтальмологиясының маңызды міндеті болып табылады. Біздің орталықтың базасында лазерлік микрохирургияны енгізу емдеуге қолжетімділікті жақсартады және мамандарымыздың біліктілігін арттырады», - деп атап өтті Орталықтың директоры Әлібек Смағұлов.

«Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 57 қазақстандық бала витреоретиналдық операциялар үшін шетелге шығуға мәжбүр болды. Жаңа жабдықтың арқасында ата-аналар бұдан былай шетелдегі операцияларға қаражат іздемейді», - деп толықтырды AYALA қорының президенті Айдана Сүлейменова.

Орталық «Шеврон» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қорының арқасында Constellation Vision заманауи лазерлік хирургиялық жүйесін алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #күрделі көз аурулары #емдеу әдістері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);