AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Алматыда күзге дейін екі көшеде көлік қозғалысы ше...

Алматыда күзге дейін екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы көшелері 09.06.2025, 19:17 996
Алматыда күзге дейін екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Сурет видео скрині

Алматының Бостандық ауданында 1 қыркүйекке дейін екі көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлады aqshamnews.kz. 

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматы қаласының Бостандық ауданында 1984 жылы пайдалануға берілген шамамен 2,7 шақырым жылу магистралін ауыстыру көзделіп отыр. Осыған байланысты қаланың екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

10 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы Қожанов көшесінің бойымен Гагарин көшесінен бастап Жароков көшесіне дейін, сондай-ақ, Жароков көшесінің бойымен Қожанов көшесінен бастап Дунаевская көшесіне дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік бағытта көлік қозғалысы екі бағытта ұйымдастырылады.

Уақытша шектеулер көрсетілген көше учаскесінің жүргін бөлігінің астымен өтетін магистральдық құбыр желісінің жоспарлы қайта құру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Бұл кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді. 

Бұл жылу құбыры 97 көпқабатты тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 27 өзге де нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 км жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Еске саламыз, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #көше жөндеу #жабылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);