Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда күзде 300 мың ағаш егіледі

Алматыда күзде 300 мың ағаш егіледі

Әлеумет 31.10.2023, 05:21 1,006
Алматыда  күзде  300 мың ағаш егіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда күзгі отырғызу көшеттің иммунитетін жақсартады – сарапшы


Күз басында ағаш отырғызу көшеттерді стресске ұшыраудан сенімді қорғайды, деді Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы (АОК) Кеңесінің хатшысы, Almaty Garden Show бас дизайнері Бибігүл Датхабаева. Сарапшы күзгі уақытта ағаш отырғызу ең қолайлы кезең  екенін айтты. Қазіргі климаттық жағдайда көгалдандырушылардың өсімдіктерді отырғызу үшін 2-3 аптасы ғана бар, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Қыстан кейін ыстық жаз бірден басталады, өсімдіктер бірден өсіп,, гүлдене бастайды. Осы уақытта қайта отырғызу үлкен стресс. Егер сіз белгіленген қысқа мерзімде аяқтамасаңыз, онда көп ағаштың өспей қалу қаупі бар, әсіресе бұл қалада көшеттерді жаппай отырғызу кезінде. Күзде стресс әлдеқайда аз, барлық агротехникалық норма мен ереже сақталған жағдайда өсімдік қазір жақсы тамырланып, көктемде көктейді», - деді Бибігүл Датхабаева. 



Ландшафт дизайнері көптеген ағаш түрлері күзгі отырғызуға жарамды екенін атап өтті. Көгалдандырушылар Алматының климаттық жағдайына ыңғайлы көшеттерді еккен. 



«Қазір көгалдандырушылар қарағаш, емен, үйеңкі, шаған, терек, катальпа, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) отырғызып жатыр. Бұлар қалалық жағдайға, қыста төзімді, күй талғамайды. Олар оңтүстік астананы көгалдандыруда бұрыннан қолданылып келеді, шаһардың тарихи жасыл желегін қалыптастырған. Сондықтан, меніңше, жаңа көшеттер жасыл қорды толықтырумен қатар, қаланың қалыптасқан көгалдандыру стилін өзгертпей, үйлесімді етеді», - деді Бибігүл Датхабаева. 




Сарапшы көгалдандыру жұмыстары қаланың үлкеюіне қарай жүргізілуі керек дейді. Алматы қарқынды дамып келеді, бақ қала мәртебесін сақтау үшін жасыл қорды сақтап, үнемі толықтырып отыру маңызды. 


Айта кетейік, биыл Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарланған, оның 20 мыңы көктемде, 300 мыңы күзде егіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.