Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы басталды

Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы басталды

Әлеумет 07.10.2024, 11:26 929
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы басталды
интернет

2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылушыларды жалдау бойынша күзгі шақыру компаниясы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Осы күзде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 300-ден астам жас жігіттерді шақырады, олардың 20-сы ҚР ТЖМ 52859 әскери бөліміне - Қарағанды қаласы, Алматы қаласынан шақырылады.

Сапалы жасақтау мақсатында Алматы ТЖД әскери қызметшілерімен Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында есепте тұрған әскерге шақырылушылардың жеке істерін зерттеу басталды. Зерттеу барысында әскерге шақырылушының денсаулық жағдайына, оның моральдық-психологиялық жағдайына, мерзімді қызметке қатынасына, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің болуына және т. б. жағдайларға ерекше назар аударылады.

Айта кету керек, ТЖМ әскерлерінде қызмет еткен сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарына әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде түсу мүмкіндігі көзделеді, ҰБТ-ны есепке алмағанда.

Естеріңізге сала кетейік, әскери қызмет әрбір жас жігіттің міндеті болып табылады, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

ТЖМ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет өткергісі келетіндерге Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Байзақов көшесі, 300, мекенжайы бойынша келуге немесе азаматтық қорғаныс басқармасының офицері капитан Рүстем Серікұлы Аятпен байланысуға 8-700-606-93-01 болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Алматы #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.