ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда күн сайын КВИ індетін жұқтырған 2 700 нау...

Алматыда күн сайын КВИ індетін жұқтырған 2 700 науқас "жедел жәрдем" шақырады

Медицина 27.07.2021, 15:53 1,680
Алматыда күн сайын КВИ індетін жұқтырған 2 700 науқас "жедел жәрдем" шақырады
Сурет: Kursiv.kz
Ауруханаға жатқызылған науқастар саны өсіп жатыр.

Ауруханаға жатқызылған науқастар саны өсіп жатыр.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты тағы да вакцина алуға шақырды. Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе, алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.


Қалалық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастар саны өсуде. Егер бір ай бұрын бұл көрсеткіш тәулігіне 40-70 науқас болса, бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында емделуді қажет еткен коронавируспен ауыратын науқастардың саны 400 адамға жетеді.



«Көптеген науқастар үйде емделуде. Қазірдің өзінде 7 361 науқас бақылауда. Телемедицина орталығының штатын қосымша мамандарды тарта отырып, науқастарға қашықтан кеңес беретін 84 қызметкерге дейін көбейтуге тура келді», – деді Нариман Табынбаев.



ҚДБ басшысы бірінші кезектегі міндет өлім жағдайының көбеюіне жол бермеу екенін айтты.



«Алматыда "жедел жәрдем" шақырудың тәуліктік саны 2 700-ге жетті. Шілде айында ЖРВИ, КВИ және пневмониямен шақырудың үлесі 2 есе артты. Тәуекел тобында әлі де созылмалы аурулармен ауыратын адамдар бар», – деді спикер.



Нариман Табынбаевтың айтуынша, жаңа «дельта» штамы жастар қауымына қауіпті. Алматыда 40 жасқа дейінгі 2 адам коронавирустан қайтыс болды.



«Коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқастардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда», – деп толықтырды ҚДБ басшысы.



Еске салсақ, КВИ таралуына қарсы тұрудың жалғыз жолы вакцина алу. Н.Табынбаев алматылықтарды өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін белсенді түрде вакцина алуға шақырды.


Алматыда екпе пункттерінің кең желісі ашылды. Күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе алуға мүмкіндік бар. 26 шілдедегі жағдай бойынша, вакцинаның 1-ші компонентінің 768 545 дозасы және 2-ші компонентінің 499 185 дозасы алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.