ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда креативті индустрияны дамыту талқыланды

Алматыда креативті индустрияны дамыту талқыланды

Мәдениет 21.09.2022, 11:54 1,528
Алматыда креативті индустрияны дамыту талқыланды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев
Алматы әкімі Ерболат Досаев «Бәрібаевтағы, 36-шы үйдегі» әлеуметтік-мәдени кеңістікті аралады әрі осы кеңістіктің тең авторы Дәурен Төлеевпен, басқарушы серіктестер Рустам Қожағалиев және Нафисат...

Алматы әкімі Ерболат Досаев «Бәрібаевтағы, 36-шы үйдегі» әлеуметтік-мәдени кеңістікті аралады әрі осы кеңістіктің тең авторы Дәурен Төлеевпен, басқарушы серіктестер Рустам Қожағалиев және Нафисат Ермағамбетовамен қаланың креативті индустрияларын дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бәрібаев көшесі, 36-шы үй «36-шы үй» - алаңы 1,5 мың шаршы метрден асатын заманауи креативті кеңістік, мұнда өнер мен мәдениет саласындағы жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылады. Жоба 13 тұрақты резидентті, сәулет бюросын, балет мектебін, білім беру қызметін, оның ішінде NEET жастарын оқытатын, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін үйірмелерді және басқаларды біріктіреді.


«36-шы үй» жобасы 2020 жылдың сәуір айында іске қосылды және бүгінде креативті индустрия өкілдері үшін өзіндік тартылыс орнына айналды. Қысқа мерзім ішінде жобаны ұйымдастырушылар 100-ге жуық түрлі іс-шараларды  - көрмелер, концерттер, вернисаждар, театр қойылымдарын, фестивальдарды, тәлімгерлік және бизнесті дамыту  бағдарламаларын және тағы басқаларын өткізді. Аталған шаралармен жалпы 25 мыңнан астам адам қамтылды.     


Кездесу барысында әлеуметтік-мәдени кеңістіктің өкілдері қала басшысына жобаның ауқымын  ұлғайтуды, яғни Алматының басқа  да аудандарында жаңа креативті кеңістіктер құруды ұсынды. Ерболат Досаев бұл идеяны қолдады, сондай-ақ жоба резиденттерін перспективалы қалалық жобаларды, қоғамдық кеңістіктерді, оның ішінде оларды тұжырымдама сатысында әзірлеуге қатысуға шақырды, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің арнайы бағдарламалары аясында жастарды оқытуға қатысуды ұсынды.    



Қазіргі уақытта Алматыда креативті индустрия саласында 27 200 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 22 020. 2017 жылдан бері ақпараттық жүйелерді жобалау, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-порталдарды әзірлеу, музыка, киноиндустрия, жарнама, маркетинг, білім беру және мәдениет саласындағы креативті қызметтің едәуір өскенін көрсетті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.