Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Көшпенділер даласы» атты көрме өтіп жаты...

Алматыда «Көшпенділер даласы» атты көрме өтіп жатыр

Әлеумет 29.09.2024, 11:38 1,468
Алматыда «Көшпенділер даласы» атты көрме өтіп жатыр
Досбол Атажан

Алматыда «Аврора кубогы» және «Көшпенділер даласы» атты барлық ит тұқымдары қатысатын екі көрме өтіп жатыр. Іс-шараны «Аврора» кинологиялық клубы ұйымдастырып отыр. 

Халықаралық көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден барлығы 500-ден астам ит қатысуда. Елуден астам ит тұқымы Қазақстан чемпионы және Халықаралық әсемдік чемпионы атақтарын сарапқа салады. Оған Нидерланд, Словакия, Грекия және Қытайдан келген халықаралық сарапшылар төрелік етеді.

- Алматы қаласында ұлттық көрме, халықаралық көрме және монотұқымды тазыға арналған арнайы көрме өтіп жатыр. Монотұқымды көрмеге 30-дан астам тазы қатысып отыр. Бұл тарихи оқиға. Себебі тазыны әлемдік деңгейде мойындағанға дейін біздің иттеріміз мойындалмаған топтың ішінде өнер көрсететін. Бүгін өзіне ұқсас мойындалға иттердің арасында сайысқа түседі. Төрешілер иттердің, оның ішінде тазының да бойын, биіктігін, жүні мен құйрығын, сүйектерінің дұрыс болуын, тістерін және мінезін тексереді. Жеңімпаз болған итті бақылауға алып, оның генетикасын сақтауға жұмыс істейміз, - деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали

Айта кеткен жөн, биыл 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын ресми түрде әдепкі тану туралы шешім шығарып, Қазақстанға осы тұқым стандартының иесі мәртебесін берді. Бұл жетістікке ҚР Президенті Іс басқармасының қамқорлығымен Қазақстан кинологтары одағының қажырлы еңбегінің және күш-жігерінің, сондай-ақ бірегей тұқымды сақтауға, дамытуға және танымал етуге орасан зор үлес қосқан көптеген кинологтардың, селекционерлердің, итбегілер мен әуесқой азаматтардың арқасында қол жеткізілді.

Иттер көрмесі қарсаңында «Аврора» кинологиялық клубы Marwin шығармашылық әлемінің қолдауымен 6-15 жас аралығындағы балалар қатысқан «Көшпенді және ит» суретшілер байқауын өткізді. Қатысушылардың барлық туындылары 28 және 29 қыркүйектегі көрмеде жұртшылық назарына ұсынылып, жеңімпаздар иттер көрмесінің ашылуы қарсаңында марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көшпенділер даласы #Ит #Тазы #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.