AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жалғасы...

Алматыда көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

Әлеумет 12.08.2024, 10:28 933
Алматыда көшелерді орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Биыл Алматыда ұзындығы 250 км болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 92%-ға дейін жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

20 магистральді көшеде жол төсемінің беріктігін арттыру үшін полимерасфальтбетон қолданылып жатыр. Жөнделетін аумақтар 36 сағатқа жабылады, бұл уақытта қоспа суып, тиісті талапқа сай қатуы керек.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен магистральді көшелердің жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердің жөндеуі қазан айының соңына дейін аяқталады.

Асфальтты қырып, жаңасын төсеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізілуде, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздықты азайту мақсатында жасалып жатыр.

Орташа жөндеу аясында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша қауіпсіздік аралдары мен жаяу жүргіншілер өткелдері жасалып, тротуарлар жөнделіп, зақымдалған арық науалары ауыстырылып жатыр.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карта» сервисінде көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);