Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көркемсөз оқудан қалалық байқау өтті

Алматыда көркемсөз оқудан қалалық байқау өтті

Әлеумет 16.10.2024, 12:44 1,486
Алматыда көркемсөз оқудан қалалық байқау өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Байқаудың мақсаты – көпшілікке көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Сондай-ақ жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

Көрермендер мен құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студенттер мен оқушылар шақырылды.

Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкер қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: прозалық шығармадан үзінді оқу, драмалық шығармадан үзінді оқу және поэзиялық шығарманы (өлең) оқу. Қазылар алқасының құрамында белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Байқау нәтижесінде М. Базарбаев атындағы №138 гимназиясының мұғалімі Қуандық Зәкенов бас жүлдені иеленсе, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұртуған Мәжит 1-орынды, №13 мектеп-гимназиясының мұғалімі Рамазан Досанов 2-орынды, №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Фариза Оңғарбай 3-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, №172 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жібек Бейсен «Көрермен көзайымы», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Жұлдыз Серікбай «Сұлу сөздің сүлейі» номинацияларымен марапатталды. Ал №148 мектеп-гимназиясының оқушысы Алуа Аманбай мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Жақсыгүл Орынбай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көркемсөз #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.