AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұс...

Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді

Әлеумет 25.12.2024, 11:20 1,144
Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы Мәслихатының VIII шақырылымының XXVI кезектен тыс сессиясында депутаттар көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті бекітті. Сессия барысында 14 жылдан астам уақыт қаралмаған тарифтік саясатты жаңарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған бір жылдық ең төменгі тариф Алматыда алғаш рет 2010 жылы әкімдік қаулысымен бекітіліп, 1 шаршы метр үшін 25 теңге болған. Оның қолданылу мерзімі 1 жылмен шектелген болатын. Алайда содан бері құрылыс материалдарының қымбаттауы, қызметкерлердің жалақысының өсуі және тұрғын үй қызметінің сапасына қойылатын талаптардың артуы сынды экономикалық жағдай айтарлықтай өзгерді. 

Сессия барысында Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов биыл жұмыс тобы кондоминиум нысанын басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстау тарифін есептеу үшін арнайы әдістемеге сәйкес есептеулер жүргізгенін атап өтті.

Тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифтің ұлғаюына байланысты әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі. Қазір мақұлдау кезеңінде тұрған бұл жоба әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үй иелеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

  • Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға арналған шығындарды есептеу әдістемесіне енгізілген міндетті қызметтер тізіміне басқару қызметі (үлесі 30%-дан аспайды) және қызмет көрсету қызметі (үлесі кемінде 70%) кіреді.
  • Жаңа ең төменгі тарифтерді қабылдау мен қосымша әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және көппәтерлі үйлерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Тұрғын үйді басқару мен күтіп-ұстаудың заманауи стандарттарын енгізу қажетті жұмыстарды уақытылы жүргізуге, үйлердің санитарлық және техникалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қаржының тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);