AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда көп қабатты үйлердің жертөлесін жыландар...

Алматыда көп қабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған

Оқиға 10.06.2022, 10:13 1,205
Алматыда көп қабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған
Сурет: Мatritca.kz

Алматыда көп қабатты үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, қалың шөп арасында жыландар өріп жүр.


Қала ішінде жыландардың пайда болуы – жаз мезгіліндегі ең өзекті мәселенің бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қала тұрғындары үйлердің арасында өріп жүрген жыландардың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.


- Мен ауданда жыланды жиі көремін. Олар көп қабатты үйлердің маңында жүреді. Біз қаланың шетінде тұрамыз. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдай бастадық, – деді Алматыдағы «Зерделі» шағынауданының тұрғыны Әйгерім Абдан.


Бұл ақпаратты Алатау ауданында орналасқан №148 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Рая Шарапиева да растап отыр. Оның айтуынша, балабақша аумағында наурыз айында жыланға қарсы дезинфекция жүргізілген. Келесі кезең шілде айына жоспарланған.



Қала ішінде жыландардың пайда болуы – жаз мезгіліндегі ең өзекті мәселенің бірі. Олардың ауданда ғана көрінбей, балабақша аумағына да кіргені бізді алаңдатты. Бақытымызға орай, жылан ешкімді шаққан жоқ. Тәрбиешілермен бірге күнделікті түсіндіру жұмысын жүргіземіз.


Балаларды далаға шығармас бұрын, ойын алаңдарын тексереміз. Әр топтың тәрбиешісі балалардың жанында, көзден таса қылмайды. Сондай-ақ ата-аналардан серуен кезінде балаларын ойын алаңдарында жалғыз қалдырмауын сұраймын, – деді Рая Шарапиева.



Зоология институтының герпетолог маманы Юлия Зима қала ішінде жыландардың неліктен көбейіп кеткенін түсіндірді.


Қала қарқынды дамып келеді, жыландар мекендеген далалардың орнында жаңа шағынаудандар пайда болып жатыр. Жерді игергеннен кейінгі алғашқы жылдарда да жылан шығады, бірақ бірте-бірте жоғалып кетеді, – дейді маман.


Оның айтуынша, Алматы қаласының маңында улы жыланның екі түрі ғана мекендейді. Олар – дала жыланы мен кәдімгі қалқантұмсық жылан. Мегаполисте адамдар көбіне өрнекті және су жыланын кездестіреді. Олар қауіпті емес. Шағып алса да, тез жазылып кетеді. Десек те, сақтық шараларын сақтаған жөн. Егер жылан шағып алса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #жылан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);