ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Көрме / Алматыда Конституцияға арнап көрме жасалды

Алматыда Конституцияға арнап көрме жасалды

Көрме 30.08.2021, 14:38 2,074
Алматыда Конституцияға арнап көрме жасалды
сурет: Inform.kz
Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 1500-ге жуық басылым қойылды.

Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 1500-ге жуық басылым қойылды.


Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Конституция күніне арналған кең ауқымды «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты безендірілген кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Көрмеге Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы», қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы: мемлекет тарихы мен құқығы туралы әдебиеттер қойылды. «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған «Қазақтың ата заңдары» құжаттар мен материалдар жинағы да ұсынылды.



«Көрмеде танымал заңгер, отандық заң ғылымының дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып, заң ғылымының барлық салалары бойынша зерттеулер мен монографиялар жазған заң ғылымы мен білімінің дамуына айрықша серпін берген зиялы тұлғалар басылымдарына ерекше орын берілген», - деді ҚР Ұлттық кітапхана қызметкері Жанар Әбдікерімова.



Мұндай басылымдар авторларының қатарында С.Зиманов, С.Сартаев, Қ.Мами, И.Рогов, С.Сабикенов, Т.Күлтөлеев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Тайманов, Ә.Еренов, С.Байсалов, Ш.Шайбеков, Н.Мұхиддинов, С.Сахипов, М.Баймаханов, М.Сүлейменов, М.Нәрікбаев, У.Жекебаев, Т.Ағдарбеков, Қ.Халиқов, С.Табанов, Н.Өсерұлы, З.Кенжәли, С.Өзбекұлы, А.Ибраева  бар.


Ұлттық кітапхана қызметкерінің айтуынша, Конституция Қазақстан халқына ең бастысы - таңдау құқығын берді.



«Ата Заң – біздің күнделікті жүріс-тұрысымызды реттейтін, қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, ел болашағының жарқын болуы үшін қоғамдағы келісім мен тәртіпті сақтайтын ең маңызды құжат. Мемлекетіміздің дамуына үлес қосқысы келетін азамат сол құжатқа мойынсұнып, оны құрметтемейінше, елдің дамуын ойлау мүмкін емес. Әрбір азамат оны қадірлеп- қастерлеуге, ардақ тұтуға міндетті»,- дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.