Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске...

Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды

Әлеумет 11.11.2024, 12:51 1,059
Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы кәсіпорындарына асфальтта құдық люктерінің саңылауын дәлдікпен кесуге арналған арнайы фрезерлік техника беріледі

Алматы кәсіпорындарына асфальтта құдық люктерінің саңылауын дәлдікпен кесуге арналған арнайы фрезерлік техника беріледі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданында жеке инвестиция есебінен ашылған жаңа сауда-кеңсе ғимараты мен арнайы техниканы құрастыру цехының жұмысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

1,8 га жер учаскесінде «Евразия СТ» компаниясы ғимаратты реконструкциялап, оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 3 млрд теңге, бұл 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Биыл қазан айында компания «Eurasia Special Machines» (ESM) коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехын іске қосты. Мұнда жолдарды күтіп ұстау және тазалау үшін әртүрлі әлемдік брендтердің арнайы көлік құралдары мен жабдықтарын жинау жоспарланып отыр. 

Компания болашақта техника түрлерін көбейтіп, жобалық қуатқа шыққанда жылына 30 көпфункционалды «Pony P4» машиналары, 50 су себу кешендері, 30 қоқыс таситын машина, 50 көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын құрал және басқа да техникалар шығарады деп күтілуде. 

Алматы көшелерін санитарлық тазалауға жауапты «Алматы Тазалық» кәсіпорны бірнеше электрлі әмбебап тротуар тазалайтын машиналар, аралас жол тазалау машиналары және сұйық реагенттерді таратқыштарды сатып алды.

Кешен аумағын аралау барысында мегаполис басшысына канализациялық құдықтарға арналған неміс өндірісінің фрезерлік техникасы таныстырылды.

«Біз бұл техниканы ұзақ күттік. Баршамызға белгілі, қалада люктердің айналасындағы асфальт негізінен қолмен өңделеді, ал бұл техника жабындыны дәл мөлшерде фрезерлеп, люктерді дұрыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өнімділігін арттырады. Әрбір аудан және жолдардағы люктерге қызмет көрсететін су және жылумен жабдықтау кәсіпорындары осындай техникамен жабдықталады. Қала үшін көшелерді тазалауға, жолдарды жөндеуге арналған сапалы көпфункционалды техниканың болуы маңызды», – деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.