AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бо...

Алматыда көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша Еуразиялық форумы өтті

Заң мен тəртіп 07.10.2024, 18:47 894 dulatbekova
Алматыда көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша Еуразиялық форумы өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласындағы М. Тынышпаев атындағы логистика және көлік академиясында V-ші көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша Еуразиялық форумы өтті. 

Іс-шара барсында көлік саласындағы өзекті трендтер, инновациялық шешімдер мен цифрландыру мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Оған Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан темір жол әкімшіліктерінің, ҚР көлік министрлігінің, “KAZLOGISTICS” көлікшілер одағының, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ көліктегі полиция департаментінің басшылығы қатысты. Форумда теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Қатысушылар пойыз қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы озық технологияларымен және оларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Басқосу барысында “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ жұмысының негізгі бағыттары айтылды. Сондай-ақ темір жолдағы оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша  басым міндеттер қойылды.  ҚТЖ спикерлері қабылданған кешенді шаралар мен көліктегі ПД қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың арқасында жылжымалы құрамның адамдар мен қараусыз жайылып жүрген үй жануарларды қағып кетуі, сонымен қатар, өткелдердегі жол-көлік оқиғаларының азайғанын атап өтті. Тараптар бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай  жалғасатынына сенім білдірді.

Форумда теміржолдағы қоғамдық қауіпсіздік пен тасымалданатын мүліктердің сақталуын қамтамасыз етуге зор үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Олардың арасында көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов та бар. Полиция полковнигі “Қазақстан темір жолының 120 жылдығына” арналған мерекелік медалімен марапатталды. Шара соңында қатысушылар заманауи құралдардың, VR технологияларының, цифрлық қауіпсіздік шешімдерінің көрмесін тамашалады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #қауіпсіздік #Еуразиялық форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);