AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық х...

Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті

Алматы 25.04.2026, 12:20 249 Дина
Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті
Алматы әкімдігінен

2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында «KitapHack» атты республикалық хакатон өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен шараға еліміздің барлық өңірінен кітапхана саласының мамандары қатысты.

Шара барысында қатысушылар топтарға бөлініп, заманауи кітапхана моделін қалыптастыруға, цифрлық құралдар арқылы қызмет аясын кеңейтуге және жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жобалар әзірледі.

Әр топ өз жобаларын таныстырып, ұсыныстар талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Бұл кітапхана саласындағы жаңа қызмет түрлерін дамытуға және цифрлық технологияларды енгізу бойынша бірқатар тың ойлардың айтылуына мүмкіндік берді.

Жиын аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері сахналаған қойылымы іс-шараның мазмұнын толықтырып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Көркем қойылым кітапхана кеңістігінің мәдени-шығармашылық әлеуетін айқындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жаңа серпін берді.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында шетелде біліктілігін арттырған жас кітапхана меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі заманғы кітапханалық қызметтің цифрлық және практикалық бағыттары жайлы айтып өтті.

Хакатон қорытындысында командалар арнайы «Ұшқыр идея», «Креативті идея», «Техникалық шешім», «Инновациялық жоба», «Әлеуметтік әсері жоғары жоба», «AI негізіндегі сапалы шешім» номинациялармен марапатталды.

Атырау қалалық кітапханасынан келген кітапханашы Жайнар Ардаққызы хакатоннан алған әсерімен бөлісіп, шараның маңызына ерекше тоқталды:

«Шара жоғары деңгейде өтті. Біз әр өңірден келген әріптестермен танысып, ой бөлісіп, кітапхана саласына қатысты бағыттар бойынша пікір алмастық. Осындай іс-шаралар көп болуына тілектеспін», – деп атап өтті.

Бүгінгі Алматы Кітапханаларының ұйымдастыруымен өткен хакатон – кітапхана қызметінің жаңа қырларын ашатын, кітапханалардың жаңғыруға, инновация енгізуге және елдің мәдени-оқу өміріндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);