ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда кесілген ағаштар жөнінде Qazaq Stroy ком...

Алматыда кесілген ағаштар жөнінде Qazaq Stroy компаниясы түсініктеме берді

Заң мен тəртіп 08.01.2024, 08:29 1,020
Алматыда  кесілген ағаштар жөнінде Qazaq Stroy компаниясы түсініктеме берді
Сурет: интернеттен
Бұдан бұрын қүрылыс компаниясының заңсыз ағаш кескені туралы хабарлағанбыз.

Бұдан бұрын қүрылыс компаниясының заңсыз ағаш кескені туралы хабарлағанбыз.


Компания басшысы рұқсат құжаттарын алғаннан кейін ғана кесуге кіріскенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Qazaq Stroy құрылыс компаниясының директоры Болат Ибрагимұлы Алматы қаласы Алатау ауданы, Дарабоз ықшам ауданындағы тұрғын үй кешені құрылысының аумағындағы ағаштарды кесу жөнінде мәлімдеме жасады.



"Біз осы қалада туып өстік және біздің іс-әрекеттеріміз қоғамда жағымсыздық тудырғаны өте өкінішті. Осы мәселе жөнінде түсіндіріп өтсем деймін. 2023-жылдың мамыр айында осы жер учаскесін сатып алғаннан кейін тұрғындармен үнемі кездесіп, келіссөздер жүргізіп отырдық. Тұрғындар бірнеше мәселелерді көтерді. Оның ішінде, қоқыс толы, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жоқ. Сонымен қатар, бұл жерде жүру қауіпті болды. Себебі, мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналып, қаңғыбас иттердің үйірлері кезіп жүрді. Ағаш кесілген жерде ешқашан саябақ болған емес, тек жабайы өсінділер болған. Сондықтан бастапқыда біз өз жобамызда заманауи саябақ салуды қарастырдық", деді Болат Ибрагимұлы.



Құрылыс салушының айтуынша, саябаққа ағаштар отырғызылады, олардың арасында Қызыл кітапқа енген ағаш түрлері де болады. Сонымен бірге, көгалдар төселіп, сыртқы жарықтандыру, суару жүйелері орнатылады және жаяу жүргіншілер жолдары жасалады. Демалыс және воркаут алаңдары бар көпфункционалды спорт аймағы жабдықталады.



"Жалпы айтқанда, мұнда тұрғындарымыз өз отбасымен демалып, уақыт өткізетін заманауи саябақ жасалады. Жұмысты бастамас бұрын мамандандырылған компания осы учаскедегі ағаштарды санап, тұқымды зерттеді. 2979 ағаш шықты. Оның ішінде 182 ағашты қайта отырғызуға, ал 2797 ағашты кесуге рұқсат алдық. Мұның бәрін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жасадық және барлық қажетті құжаттарды алдық. Өтемақы заң бойынша кесілген 1-ағашқа 10-ағаш отырғызылу қажет. Сондықтан, биыл барлығы 27 970 ағаш отырғызамыз. Ең алдымен, біз жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аумағында, содан кейін бүкіл қалада отырғызуды бастаймыз", - деп толықтырды құрылыс компаниясының директоры.



Qazaq Stroy ағаш түрлерін зерттеп, оларды санап, рұқсат құжаттарын алғаннан кейін ғана кесуге кіріскенін атап өтті.


Алатау ауданындағы Дарабоз ықшам ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысынан және саябақтан бөлек: 1200 орындық мемлекеттік мектеп, мектепке дейінгі мекеме, зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,297 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.