AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыста...

Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстары басталды

Әлеумет 05.04.2022, 05:03 1,148
Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстары басталды
Сурет: Rv-ryazan.ru

Жалпы өңделетін аумақтың көлемі - 2424,54 гектар.


Алматыда бүгін кенеге қарсы дезинфекциялық өндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматыда орманды алқап пен қала саябақтарында, тынымбақтарында кенелерге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталды. Жалпы өңделетін аумақтың көлемі - 2424,54 гектар.


Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлағандай, дезинфекциялық өңдеу жұмыстармен 8 орманды алқап (көлемі - 1904,924 га) және 144 қала саябақтары, тынымбақтар (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 5 сәуір - 5 мамыр аралығында жүргізіледі. Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі. Екінші кезең: мамыр, маусым айларында өтеді.


Дезинфекциялық іс-шараны қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы жүргізеді.


Дезинфекциялық бригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген. Кене энцефалитіне қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес (3-4 класс). Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі.


Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» деген ескерту хабарламалары бар тақталар орнатылады.



«Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтауы қажет: акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек; жерге шашылған препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек; өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды; тұрғындар мен қонақтарға қала саябақтары мен тынымбақтарына, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жүргізу кезінде және одан кейін 3 күн бойы бармауы керек», - деп ескертті департаментте.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#cаябақ #дезинфекция #Алматы #парк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);