AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары...

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Алматы 13.03.2026, 12:18 571
Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесу барысында мегаполистегі кәсіпкерлікті дамыту, іскерлік ахуалды жақсарту және бизнеске қолдау көрсету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, шағын және орта бизнес қала экономикасында маңызды рөл атқарады. Бүгінде Алматыда 400 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, онда бір миллионнан астам адам еңбек етеді. Оның айтуынша, шаһарда кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасау — әкімдік қызметінің басым бағыттарының бірі.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев Алматы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі орталықтардың бірі екенін атап, қаланың, әсіресе туризм саласында одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуеті бар екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматыда қолайлы іскерлік орта қалыптастыру және кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);