конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда кәсіби білім беру саласындағы қалалық кон...

Алматыда кәсіби білім беру саласындағы қалалық конференция өтті

Барлығы 02.05.2025, 17:50 920
Алматыда кәсіби білім беру саласындағы қалалық конференция өтті
Сурет: aqshamnews.kz

«Almaty Polytechnic College» КМҚК базасында маңызды қалалық іс-шара – «Өндірістік оқытуды трансформациялау: Инновациялар, сын-тегеуріндер және даму перспективалары» атты конференция өтті. 

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылған конференцияның мақсаты – өндірістік оқыту саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялық тәсілдерді талқылау, сонымен қатар цифрлық экономика талаптарына сай білікті мамандар даярлау сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шараға Алматы қаласының колледж өкілдері, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері, жұмыс беруші компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері, сонымен қатар кәсіби білім беру саласындағы зерттеуші-ғалымдар қатысты.

Конференция барысында өндірістік оқытуды жаңа форматқа бейімдеу, инновациялық әдістерді енгізу, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, дуалды оқытуды кеңейту сынды тақырыптар көтеріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Пікірталас алаңдарында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, нақты шешімдер ұсынды.

 «Бүгінгі күннің талабы – икемді, технологияны еркін меңгеретін, еңбек нарығына тез бейімделетін мамандарды дайындау. Ол үшін өндірістік оқыту мен кәсіптік бағдар берудің жаңа моделін қалыптастыру қажет», – деді іс-шарада сөз сөйлеген колледж директоры Медет Омарбеков.

Конференция қорытындысында кәсіби білім беруді дамытуға бағытталған ұсыныстар мен бастамалар жинақталып, тиісті ұйымдарға жолданатын болды.

Осы тектес іс-шаралар болашақ мамандардың сапалы білім алып, еліміздің индустриялық дамуына нақты үлес қосуына серпін беретіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіби білім #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);