AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кардиологтар мен МСАК мамандарының конгре...

Алматыда кардиологтар мен МСАК мамандарының конгресі өтті

Алматы 04.09.2026, 14:35 337
Алматыда кардиологтар мен МСАК мамандарының конгресі өтті

Алматыда артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика мәселесін талқылаған IX Республикалық конгресс өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Жаңа бағдарлар. Тексерілген маршруттар. Клиникалық шешімдер» атты CARDIO formQZ кардиология және медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы жетекші мамандардың басын қосты. Конгресті «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев ашты.

Ол өз сөзінде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың, қауіп факторларын ерте анықтаудың және бастапқы буын мен мамандандырылған кардиологиялық қызмет арасындағы сабақтастықты күшейтудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Алқалы жиында Қазақстанның барлық өңірінде пациенттердің профилактикасы мен оларды жүргізудің бірыңғай тәсілдерін құру қажеттігіне баса назар аударылды.

Конгресс тарихында алғаш рет осындай маңызды әрі ауқымды іс-шараға Польша ғылым академиясының (PAU) мүшесі, Еуропалық гипертония қоғамының (ESH) президенті, медицина докторы (MD), профессор Анджей Янушевич қатысты. Ол баяндамасында артериялық гипертонияны басқару және оның профилактикасы бағытындағы Қазақстанның рөліне, сондай-ақ қол жеткізілген негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Конгресс спикерлері қатарында Қоғам төрағасы Г.Жүнісбекова, оның орынбасары М.Тундыбаева, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Басқарма төрағасының орынбасарлары Д.Қайбуллаева, Г.Тоғызбаев, сондай-ақ артериялық гипертония саласындағы жетекші мамандар сөз сөйледі.

Күннің екінші жартысында штаттан тыс бас кардиологтар мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету саласының бас мамандарының кеңесі өтті. Кеңес модераторы Рүстем Төлеутаев болды.

Кеңес барысында өңірлермен өзара іс-қимыл, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты тарапынан өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, МСАК деңгейінде кардиоваскулярлық профилактиканы жетілдіру, жүрек-қантамыр қаупі жоғары пациенттерді ерте анықтау, пациенттерді медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша дұрыс бағыттау және медициналық көмектің сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстан Республикасында қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2027–2030 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, өңірлерімен ұйымдастырылған ашық кәсіби диалог барысында өзекті мәселелер айқындалып, жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін кардиологиялық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған одан әрі бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конгресс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);