ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты...

Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуі байқалды

Әлеумет 09.07.2021, 18:50 2,106
Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуі байқалды
Сурет: Gtn-pravda.ru
Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11,6%-ға төмендеді.

Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11,6%-ға төмендеді.


Алматыда кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен және Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Ғ. Жанбекованың қатысуымен онлайн форматта кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.


Отырыста кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыс пен құқық бұзушылық қаралды. Ювеналды полицияның дерегі бойынша, 6 айдың ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 11,6%-ға төмендегені байқалды. Жүргізілген талдауға сәйкес, жасалған құқық бұзушылықтың 40%-ы қалаға басқа өңірлерден келген адамдарға қатысты екені анықталды.


Жасөспірімдер өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына жіберіледі. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың саны 20%-ға төмендеген. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үй-жайлардан тыс (сағат 23.00-ден кейін) түнгі уақытта заңды өкілдерінің болмауынан 3573 (2020ж. – 3018) ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сонымен қатар, Алатау ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссия төрағасының есебі тыңдалды. Атап айтқанда, тәуекел тобындағы отбасылармен және кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу үшін алдын алу іс-шараларын қарастырды. Басқа да аудандық комиссиялардың төрағалары да кестеге сәйкес тыңдалады. Айта кетсек, жарты жылдың ішінде аудандық комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін түрлі фактілер бойынша 197 материал қаралды.


Ержан Бабақұмаров қала аумағында орналасқан колледж оқушылары  жасаған қылмыстық фактілерге назар аударды. Осы бағытта колледж, жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушыларымен және басшылығымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жасөспірімдерді оқудан тыс уақытта жұмыспен қамтуды ұйымдастыру тапсырылды.


Сондай-ақ, өмірі мен болашағы алаңдаушылық тудыратын балалары бар отбасыларға алғашқы жылы медициналық-әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету және сыртқы факторлардың әсерінен болатын сәби өлімінің алдын алу мәселесі үнемі бақылауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.