Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылу берушілер «Қарыздарыңды өсімпұлсыз т...

Алматыда жылу берушілер «Қарыздарыңды өсімпұлсыз төле» акциясын бастады

Әлеумет 15.10.2024, 14:09 837
Алматыда жылу берушілер «Қарыздарыңды өсімпұлсыз төле» акциясын бастады
Сурет: semeytany.kz

Алматыда жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарыздарын айыппұлсыз өтегісі келетін жылу энергиясын тұтынушылар үшін «Қарыздарыңды, өсімпұлды есептен шығарамыз» акциясы іске қосылды.

Акция жылуды пайдаланғаны (ыстық су, жылу) үшін уақтылы төлемеген жеке тұлғаларға (тұрмыстық тұтынушыларға) қолданылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін қарызды толық төлеп, «Алматы жылу желілері» ЖШС-не жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке пәтерге құқық белгілейтін құжаттардың, жеке куәлік және төлем түбіртегінің (кассалық чек) көшірмесін тіркеу қажет.

Өсімпұлды есептен шығару ыстық су мен жылыту үшін берешекті толық өтеген жағдайда ғана мүмкін болады.

Көрсетілген құжаттармен мына мекенжайда орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне (КҚКО) жүгіну қажет:
- «Батыс» ҚКО (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) – «Ақсай-4» ш/а, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, е-mail: batys@alts.kz;
- «Орталық» ҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарына қызмет көрсетеді) - Шапық Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, е-mail: ortalyc@alts.kz;
– «Шығыс» ҚКО (Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді)-Төлебаев көшесі, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, е-mail: shygis@alts.kz.

ҚКО-на бару мүмкіндігі болмаған жағдайда құжаттарды электрондық поштаға info@alts.kz. жіберуге болады.

Сондай-ақ, 341-07-77 нөміріне қоңырау шалу арқылы АЖЖ анықтамалық қызметіне хабарласу арқылы берешек туралы ақпарат немесе жылу энергиясын есептеу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, WhatsApp нөмірі қолданылады: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарламаларды қабылдау үшін жұмыс істейді).

Естеріңізге сала кетейік, берешек төленбеген жағдайда, қарызы барлар жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомасы сот арқылы мүлікке және банктік шоттарға тыйым салумен өндіріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #акция #қарыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.