Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылу беру маусымы қалай өтуде?

Алматыда жылу беру маусымы қалай өтуде?

Әлеумет 15.11.2022, 05:54 1,438
Алматыда жылу беру маусымы қалай өтуде?
Cурет: Almaty-akshamy.kz

«Алматы жылу желілеріне» қала тұрғындарының қарызы 1,3 млрд теңгеге жеткен


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Алматы жылу желілері» ЖШС («АлТС» ЖШС) бас инженері Данияр Қазымбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
 Еске салайық, мегаполисте жылыту маусымы 17 қазанда басталған болатын. Коммуналдық мекемелер 8467 көпқабатты тұрғын үйді, 216 мектепті, 197 балабақшаны, 129 аурухананы тексеріп, жылыту маусымы басталмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізді.



«Қазір жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде, температуралық және гидравликалық режимдер кестеге сәйкес сақталуда», - деді Д.Қазымбетов.



Коммуналдық қызмет мәліметі бойынша, 2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде 1352,33 км жылу желілері алдын ала дайындалды. Оның 60%-ның тозығы жеткен(811,5 км) (25 жылдан астам уақыт пайдаланылған). Биылғы жылы 4,7 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жылу желілерін реконструкциялау есебінен, олардың тозуын  0,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті. 2023 жылы 17,2 шақырым жылу желілерін реконструкциялау жоспарланып отыр. 


Айта кету керек, жылыту маусымы басталғалы «АлТС» ЖШС жоғары дайындық режиміне көшті. Жөндеу жұмыстарына тәулік бойы жұмыс істейтін 4 жедел бригада (98 адам), 12 жөндеу бригадасы (139 адам) жұмылдырылған. 64 бірлік арнайы техника осы іске тартылған.


Журналистердің сұрақтарына жауап берген Данияр Қазымбетов Алматы тұрғындарының «Алматы жылу желілеріне» шамамен 1,3 млрд теңге қарыз екенін айтты. 
 
Сондай-ақ брифингте «Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) бас инженері Ғазиз Исмұхамбетов сөз сөйлеп, жұмыста ауытқуларға жол бермейтінін, 30 күнге жететін жылу (отын) қоры (норматив  бойынша  20 күн) барын айтты. Газға қатысты да ешқандай мәселе жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жылыту маусымы #жұмыс барысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.