AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда жыл соңына дейін жиырма автономды кітапха...

Алматыда жыл соңына дейін жиырма автономды кітапхана ашылады

Мәдени Алматы 11.11.2024, 11:26 1,211 dulatbekova
Алматыда жыл соңына дейін жиырма автономды кітапхана ашылады
Сурет: 24.kz

Автономды кітапхана қала тұрғындарына кітапханаға бармай-ақ кітап алып оқуға мүмкіндік береді.

Олардың бірнешеуі қазірдің өзінде жақсы жұмыс істеп тұр. Алғашқы автономды кітапхана жастар орталығында орнатылған. Кітап алу үшін оқырман билеті керек, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Билетті сол жердегі кітапхана қызметкерінен де рәсімдеп алуға болады. Барлық қызмет тегін. Катологтан қажетті авторды таңдай аласыз. Автомат өтінішті тіркеп, кітапті шығарып береді. Оны кейінірек кітапханаға да, құрылғыға да қайтаруға болады. Қолдану мерзімі 14 күн.

Гүлмира Асылбекқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мынадай жақсы нәрсе ұймдастырылып қала бойынша қойылып жатыр екен. Соны естіп арнайы келіп, өзіме қажетті кітапты алған жайым бар. Бұл өте кітапсүйер қауым үшін қажет.

Қажетті әдебиетті Алматы кітапханалары сайтына кіріп те тапсырыс беруге болады. Оның қорында әртүрлі жанрдағы 3 млн кітап бар. Бұл қауырт тірліктен қолы босамайтын қала тұрғындары үшін өте қолайлы. Кітап оқу мәдениетін арттырады.  

Мейрам Бектенбаев, Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

- Қалада кітапхана көп емес. Оларға барып, кітап оқуға оқырманның уақыты бола бермейді. Жалпы бұл әлемде бар тәжірибе. Бірақ елімізде алғашқы дербес кітапхана енді ғана іске қосылып отыр. Кітаптарды дезинфекциялау амалын қарастырдық. Ол үшін тазалағыш заттарды сатып алуымыз керек. 

Өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханалары қаладағы екі сауда орталығында және мектепте де сәтті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта метро станцияларында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда 20 құрылғы орнатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #автономды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);