AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл соңына дейін электромобильдерге арнал...

Алматыда жыл соңына дейін электромобильдерге арналған 311 зарядтау станциясы орнатылады

Әлеумет 22.05.2025, 10:09 1,018
Алматыда жыл соңына дейін электромобильдерге арналған 311 зарядтау станциясы орнатылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр зарядтау станцияларын (ЭЗС) орнату үшін 311 жер телімін бөлді. Әрбір учаскеде конкурстық іріктеуден өткен отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген қуаты 60 кВт-тан басталатын бір ЭЗС орналастырады. Барлық станциялар пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 622 жаңа паркоместр пайда болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бір учаскеге инвестордың ең төменгі салымы 10 млн теңгені құрайды. Бұл ретте халық үшін аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 кВт үшін шекті құны ҚҚС есебімен 100 теңгеден аспайды.

Учаскелер ұзартуға басым құқығы бар инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді.

Зарядтау станцияларын орнату қала тұрғындарының жаппай тартылатын жерлерінде-базарлар, саябақтар, кафелер және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында жоспарлануда.

Барлық станциялар ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда Алматыда жеке аумақтарда 300-ден астам ЭЗС орнатылған. Жаңа нысандарды ескере отырып, қала бойынша зарядтау станцияларының жалпы саны 600 бірліктен асады.

ЭЗС құрылысы «2029 жылға қарай барлық ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ мегаполистегі электр көліктерінің өсіп келе жатқан санын ескере отырып іске асырылуда.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #статистика #паркоместр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);