ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл соңына дейін 32,8 мың орны бар 20 жаң...

Алматыда жыл соңына дейін 32,8 мың орны бар 20 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Әлеумет 23.08.2024, 14:23 1,551
Алматыда жыл соңына дейін 32,8 мың орны бар 20 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы  Сайран Сайфеденов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында қалада 36,8 мың орынға...

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы  Сайран Сайфеденов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында қалада 36,8 мың орынға шақталған 22 мектеп салу жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. 4 мың орынға есептелген қалған екі мектеп 2025 жылы аяқталып, ашылады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы жүргізіліп жатқан 23 100 орындық 13 мектептің құрылысына ерекше назар аударылады. Олардың ішінде 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Dial-Stroy» шағын ауданында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қазан айында «Теректі» шағын ауданында 2000 орындық мектеп ашу жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.

2024 жылдың қарашасында 4500 орындық үш мектеп: Розыбакиев-Левитан көшесі бойындағы мектеп,  Райымбек даңғылы бойындағы «Нұрлы Дала» ТК ауданындағы және  Ақбұлақ шағын ауданындағы  № 154 мектеп құрылыстары аяқталады деп күтілуде. 

2024 жылдың соңына дейін 15 мың орындық 8 мектептің құрылыс аяқтау жоспарлануда.  Олардың арасында «Қарасу», «Самғау», «Шұғыла», «Құрамыс» шағын аудандары, сонымен қатар, Егізбаев, Сәбденов көшелеріндегі  және басқалары бар. 


Сонымен қатар, 11 700 орынға есептелген 8 мектеп құрылысын жеке инвесторлар жүргізуде. Бүгінгі таңда Шұғыла шағын ауданында 1200 орындық бір мектептің құрылысы аяқталды. «Алғабас» шағын ауданында 2 мың орындық мектеп салу мемлекеттік жекеше әріптестік шеңберінде жоспарлануда, бұл жоба бойынша жұмыстар 2024 жылдың қазан айында басталады. Құрылыс 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады  деп күтілуде.

Ағымдағы жөндеу аясында, 2024 жылы 180 мемлекеттік мектепке жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша 169 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, қалған 11 мектепте жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

«Қазіргі таңда  қаладағы 13 мемлекеттік мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 4 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды, ал қалғандарында 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Өкінішке қарай, үш проблемалық нысан бар, онда жұмыстар кешіктіріліп, жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен кейін аяқталады деп күтілуде. Олардың ішінде 2023 жылдың ақпан айында басталған №9 мектеп және 2023 жылдың қыркүйегінде реконструкция басталған №59 мектеп бар» - деп атап өтті С.Сайфеденов. 

Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен әрқайсысы 550 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың бірін 2024 жылдың қыркүйек айының соңына қарай «Саялы-2» шағын ауданында аяқтау жоспарлануда. Екінші мектеп «Зерделі» шағын ауданында салынуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.