ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл сайын 10 шақты бала жоғалады

Алматыда жыл сайын 10 шақты бала жоғалады

Әлеумет 25.05.2025, 15:15 741
Алматыда жыл сайын 10 шақты бала жоғалады
Сурет: © pxhere.com
25 мамыр – із-түссіз жоғалған балаларға арналған халықаралық күн.

25 мамыр – із-түссіз жоғалған балаларға арналған халықаралық күн.

Бұл күннің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен амандығы ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер мен қамқоршылардың ортақ жауапкершілігі екенін еске салу.

Күннің ресми символы – көк түсті ботакөз гүлі.

 

Атаулы күннің тарихы

Бұл күннің 25 мамырға белгіленуі кездейсоқ емес.

1979 жылы дәл осы күні АҚШ-та алты жасар Эвиан Пейтс үйінен шығып, мектепке бару үшін аялдамаға беттеген. Алайда ол діттеген жеріне жетпей, із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл оның өміріндегі алғашқы және соңғы жалғыз сапары еді.

Ол кезде АҚШ-та із-түссіз жоғалған балаларды іздеумен айналысатын арнайы ұйым болмағандықтан, Эвианды тек полицейлер мен еріктілер іздеді. Бала әкесінің кәсіби фотограф болуы – іздеу жұмыстарына айтарлықтай көмек берді. Эвианның суреттері бүкіл елге таратылып, тіпті сүт қораптарында да басылып шықты. Оның суреті Таймс-сквер экранында да көрсетілді.

 

1983 жылы АҚШ президенті Рональд Рейган 25 мамырды – Із-түссіз жоғалған балалардың ұлттық күні деп жариялады

Кейін бұл бастаманы басқа елдер де қолдады. 1997 жылы Халықаралық із-түссіз жоғалған және қаналған балаларды іздеу орталығы құрылды. Ал 2010 жылдан бастап, бұл ұйымның бастамасымен 25 мамыр Халықаралық із-түссіз жоғалған балалар күні ретінде ресми түрде аталып келеді.

 

Әлемдегі жағдай

Тек ресми статистика бойынша ғана әлемде із-түссіз жоғалған балалардың саны миллиондармен есептеледі және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше:

         •        Еуропада жыл сайын 70 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала жоғалады;

         •        Ресейде – шамамен 10 мың;

         •        АҚШ-та – 420 мыңнан астам бала із-түссіз кетеді.

 

Бұл – тек ресми деректер.

Ал бейресми мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.

 

Қазақстандағы жағдай

Qamqor.kz құқықтық статистика порталының мәліметі бойынша, бүгінде Қазақстанда шамамен 2 500 ересек және 200 бала із-түссіз жоғалғандар санатында.

Жоғалу деректері көбіне келесі өңірлерде тіркеледі:

         •        Алматы облысы

         •        Ақмола облысы

         •        Батыс Қазақстан облысы

 

Антирейтингтің келесі сатыларында:

         •        Түркістан облысы

         •        Қарағанды облысы

 

Ал алтыншы орынды:

         •        Қостанай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бөлісіп отыр.

 

Алматы қаласындағы жағдай

Алматы қаласының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының дерегінше, 2025 жылы қала бойынша 6 жасөспірім із-түссіз жоғалған.

Қуаныштысы, барлығы да аман-есен табылып, ата-аналарымен қауышқан.

Орта есеппен, жыл сайын қалада 6–10 бала жоғалады.

Соңғы жылдары, абырой болғанда, Алматыда мүлде табылмаған немесе хабар-ошарсыз кеткен балалар бойынша фактілер тіркелмеген.

25 мамыр – Халықаралық із-түссіз жоғалған балалар күні – бұл күн жаһандық мәселеге назар аудартатын маңызды дата. Ол қоғамға балалар қауіпсіздігінің маңызын еске салып, ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,286 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.