ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан бері қылмыс 27,8% төмендеді

Алматыда жыл басынан бері қылмыс 27,8% төмендеді

Заң мен тəртіп 29.09.2023, 03:40 739
Алматыда жыл басынан бері қылмыс 27,8% төмендеді
almaty-akshamy.kz
Қауіпсіз Алматы: қаладағы учаскелік пункттер қалай өзгереді

Қауіпсіз Алматы: қаладағы учаскелік пункттер қалай өзгереді


Алматыда полицияның сервистік моделі енгізілуде. Сервистік қызмет – бұл барлық және кез келген мәселе бойынша құқықтық тәртіпті қорғаушыларға жүгіну азаматтар үшін қолжетімді дегенді білдіреді.


Жаңа модель аясында жергілікті бюджет есебінен мегаполисте «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және полиция мен жергілікті тұрғындар арасында әріптестік қатынастар орнатуға бағытталған 30 заманауи учаскелік пункт пен 16 сервистік орталық ашу жоспарланған. Осы жобаларды сәтті іске асыру үшін «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жобалық кеңсе мен ҚР ІІМ белсенді жұмыс жүргізіп отыр.


Алматыда алғашқы осындай учаскелік пункт (ПУП) осы жылдың тамыз айында Наурызбай ауданындағы «Алем Сити-1» тұрғын үй кешенінде ашылды. Бұл ТҮК-дегі аулаларда, кіреберістерде, сонымен қатар, іргелес аумақтарда бейнебақылау камералары қойылды, бұл құқық қорғау органдарына ауданның қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.



 «Біздің ПУП алдымызға бірқатар маңызды міндет қойып отыр. Ең әуелі біз өз аймағымызда қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Бұл оқиғаларға жылдам әрекет етуді және қылмыстың алдын алуды қамтиды. ПУП ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін байланыс, бейнебақылау және мәліметтер базасымен қамтамасыз етілген. Осының арқасында біз сын-қатерге жедел ден қойып, тергеуді тиімді жүргізе аламыз», - деді Алматы қаласы ПД УМПС учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция майоры Айтан Елеусізов.



Оның айтуынша, ПУП-тың тұрғын үй кешенінде орналасуы учаскелік инспекторға тұрғындармен тиімді қарым-қатынас жасауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.



«Біз үшін тағы бір маңызды міндет – тұрғындармен өзара  қатынасты күшейту. Біз алматылықтардың бізге кез келген уақытта хабарласа алатынын білгенін қалаймыз. Сондықтан халықпен кездесіп түрлі іс-шараға қатысамыз», - деп учаскелік полицейлердің ҚР ІІМ Академиясында оқып жатқанын айтты.



Сервистік орталықтар туралы айтсақ, олар азаматтардың көмегіне  шұғыл назар аударуға, жағымсыз оқиғалардың  алдын алуға, қалалық полиция бөлімшелерінің жүктемесін азайтуға, сонымен бірге құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Полицияның сервистік орталықтарында тегін қызметтердің 55 түрі, оның ішінде көші-қон, әкімшілік заңнама және басқа да заң мәселелері бойынша консультациялар көрсетіледі. Мұнда психолог, медиатор жұмыс істейді. Сервистік орталықтарда ресепшн, күту аймағы, балалар бұрышы қарастырылған.



ІІО жүйесінде учаскелік полиция инспекторлары ең көпфункционалды полиция қызметін ұсынады. Олар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің, тұрғын шағын аудандар мен елді мекендердегі азаматтардың қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Биыл 8 айда учаскелік инспекторлар 2 мың 211 қылмысты ашып, 63 мың 811 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы Алматыда қылмыс 27,8%-ға төмендеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.