ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам жас жұмыс...

Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Әлеумет 22.05.2025, 09:14 477
Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан астам жас тұрады. Бұл мегаполис халқының 32%-ы. Оның ішінде 442,3 мыңы – жұмыс істейтін жастар, 287,4 мыңы – жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, ал 80 мыңға жуығы – мектептің жоғары сынып оқушылары.

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру, тәжірибеден өткізу, кәсіптік оқыту және мансаптық бағыт-бағдар беру мақсатында бірқатар жобаны жүзеге асыруда.

Бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі – Jasalmaty.kz ақпараттық порталы. Онда «Jobfair365» жұмысқа орналастыру сервисі және «SkillBridge» онлайн оқыту мен біліктілікті арттыру платформасы жұмыс істейді. Мысалы, бұл платформаға 25 мыңнан астам бірегей қолданушы тіркелген, 5 мыңнан астам жұмыс беруші 7 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Соның арқасында жыл басынан бері 3,5 мың жас тұрақты жұмыс тапқан.

Сонымен қатар, жастарды жұмысқа орналастыруда кешенді жұмыс жүргізіп жатқан жобалардың бірі – Қалалық мансап орталығы. Бұған дейін әрбір оқу орнында жеке мансап орталықтары болса, қазіргі таңда бұл жүйе жұмыс берушілермен, еңбек ұтқырлығы орталықтарымен және басқа құрылымдармен біріктірілген ортақ платформада жұмыс істейді.

2025 жылдың басынан бері Қалалық мансап орталығына 7,5 мың жас жүгінген, оның 5,7 мыңы жұмысқа орналастырылды.

«Бірнеше ай тұрақты жұмыс таба алмай, қайда барарымды білмей жүргенде осы орталыққа тап болдым. Мұндағы мамандар маған бағытымды анықтап, түйіндемемді дұрыс жасауға көмектесті. Соның арқасында мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Қазір оқу мен жұмысты қатар алып жүрмін», – дейді Алдияр Нұрымов.

Осылайша, 2025 жылдың басынан бері Алматыда 9,2 мыңнан астам жас тұрақты жұмысқа орналасқан. Айта кету керек, Қалалық мансап орталығының қызметін қаладағы кез келген комьюнити-орталықта пайдалануға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.