ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері 19 жаңа ғимарат коммунал...

Алматыда жыл басынан бері 19 жаңа ғимарат коммуналдық меншікке берілді

Әлеумет 18.08.2021, 15:13 1,401
Алматыда жыл басынан бері 19 жаңа ғимарат коммуналдық меншікке берілді
almaty-akshamy.kz
Үш мектеп, алты көпқабатты үй, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының қосымша аймақтары, учаскелік полиция бекеттері мен сауда павильоны. Аталған нысандардың барлығы...

Үш мектеп, алты көпқабатты үй, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының қосымша аймақтары, учаскелік полиция бекеттері мен сауда павильоны. Аталған нысандардың барлығы Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде қалалық Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев мәлім етті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Айта кетерлігі, қабылданған 19 объектінің жалпы құны 12 миллиард 245 миллион теңгені құрайды.



«Бұлар – жаңадан салынған нысандар. Олардың ішінде Мамыр-1 шағын ауданындағы 1200 орынды жаңа мектеп ғимараты, сондай-ақ №123 және 164 мектептердің жаңа ғимараттары бар. Сонымен қатар үш жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Олар – патологоанатомия бюросы, жедел жәрдемнің қосалқы станциясы, психиатриялық аурухана орталығының кеңейтілген аймақтары. Алты көппәтерлі тұрғын үй коммуналдық тұрғын үй қорына қосу үшін Тұрғын үй саясаты басқармасына, алты учаскелік полиция пункті Алматы Полиция департаментінің балансына, бір сауда павильоны Туризм басқармасына берілді», - деді Серік Ибраев.



Сонымен қатар, 75 жылжымайтын мүлік объектісі республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді. Бұл тізімде Тұрғын үй саясаты басқармасына жекешелендіру үшін брілген 53 пәтер, Алматы теміржол ауруханасы, №9 Оқушылар үйіне бір ғимарат, Жетісу ауданындағы балаларға арналған орталық ашуға арналған ғимарат, Полиция бөлімінің емханасы, Арнайы жедел отрядтың взводы орналасатын бір ғимарат және басқалары бар. 


Серік Ибраев жалпы құны 99,8 миллион теңге болатын үш нысан сыйлық келісімі бойынша қабылданғанын айтты. Бұл Алмалы ауданындағы «Арка» өнер нысаны, сонымен қатар Төлебаев көшесі 25/18 мекенжайдағы ғимарат, ол қазір дайындық сыныптарын ашу үшін Білім басқармасына бекітілген.


Ал үшінші нысан - Амангелді көшесі, 68А ғимараты, онда «Баум тоғайының» және оны жасаушылардың тарихына арналған мұражай экспозициясын құру жоспарлануда. Сонымен қатар гербарий қоры болады. Ғимарат «Медеу» МАТП балансына берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.