ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды

Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды

Медицина 31.01.2024, 09:33 1,282
Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығына жүгінген 71 жастағы науқас қатты ентігу мен бүкіл денесіндегі әлсіздікке шағымданды. Тексеру жүргізілгеннен кейін оның қолқа қақпақшасының айқын стенозы...

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығына жүгінген 71 жастағы науқас қатты ентігу мен бүкіл денесіндегі әлсіздікке шағымданды. Тексеру жүргізілгеннен кейін оның қолқа қақпақшасының айқын стенозы анықталды, деп хабарлайыд almaty-akshamy.kz



Қолқа стенозы - жүрек қақпақшасының тарылуы, ол арқылы жүректен қан қолқаға еніп, одан әрі бүкіл денеге таралады. Қолқа қақпақшасының стенозы кезінде органдар қанның жеткіліксіз мөлшерін алады. Мұндай диагноз қойылғаннан кейін қысқа уақыт ішінде өлімге әкелуі мүмкін қауіпті жағдай. Ауру емделмесе, пациент миокард инфарктісі, ми ишемиясы және инсульт сияқты ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін асқыну болуы мүмкін.



Науқасқа шұғыл ота жасау қажет болды. Оған кеуде қуысын кесусіз феморальды артериядағы кішкене пункция арқылы қолқа қақпағы TAVI отасы барысында ауыстырылды. Отаның бұл түрі хирургиялық араласуды кесусіз және ең аз оңалту кезеңімен жүргізуге мүмкіндік береді. Транскатетерлі қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) - қолқа клапанын ауыстыратын минималды инвазивті процедура.



«Ота жергілікті ауырсынуды басу арқылы жасалды, бұл пациенттің ота кезінде есін біліп жатуға мүмкіндік беріп, мидың күйін бақылауға және жедел цереброваскулярлық бұзылыс түріндегі ықтимал асқынудың алдын алуға мүмкіндік берді. Төс сүйегінің кесілмеуі, жасанды қан айналымы қажетсіздігі, минималды жарақат және тез қалпына келу - TAVI отасының негізгі артықшылығы. Отадан 3 күн өткен соң науқас ауруханадан үйге шығарылды. Ентігу толығымен жойылып, жалпы әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды», - дейді Қалалық кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиологы Айжан Құланбаева.



Мұндай TAVI оталар маңызды, өйткені оны денсаулық жағдайына байланысты ашық жүрек отасын жасай алмайтын науқастарға жасауға болады. Мұндай ота бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар, жүрек пен өкпенің ауыр дерті бар егде жастағы науқастар үшін маңызды. Себебі жүрекке ашық отаны көптеген егде жастағы адам қатар жүретін аурулардың болуына байланысты шыдай алмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.