ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда жүрекке бірегей ота жасалды

Алматыда жүрекке бірегей ота жасалды

Медицина 25.07.2023, 04:12 1,173
Алматыда жүрекке бірегей ота жасалды
Сурет: Otyrar.kz
Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет 58 жастағы пациентке эндоваскулярлық митралді қақпақша имплантацияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет 58 жастағы пациентке эндоваскулярлық митралді қақпақша имплантацияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Дәрігерлер 58 жастағы пациентте жүре пайда болған жүрек ақауы, митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы диагнозын қойған.


Белгілі болғанындай, науқас 3 жыл бұрын миокард инфарктісіне шалдыққан. Оған митралді қақпақшаның пластикасы, мамарокоронарлық және аортокоронарлық аутовенозды шунттау жасалған.


Ешқандай әсер болмағандықтан, оған митралді қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау (TMVI) ұсынылды.


Митралді қақпақшаны протездеу митралді стенозды емдеудің негізгі әдісі. Сондай-ақ, имплантациялау митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі - қақпақшаның қанды кері өткізген жағдайда жасалады.


«Біздің клиникада соңғы 3 жылда қолқа қақпақшасын эндоваскулярлы имплантациялау (TАVI) бойынша жоғары технологиялық операциялар сәтті жасалып жүр, ал техникалық жағынан озық және күрделі операциялардың бірі саналатын митралді қақпақшаны транскатетерлік имплантациялауды (TMVI) біз алғаш рет жасадық», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.


Рентгеноперблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, митралді қақпақшаның эндоваскулярлық протездеуі - митралді стенозбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеудің оңтайлы түрі, себебі мұндай диагнозы бар науқастарға дәстүрлі хирургиялық операциялар жасағанда өлім қаупі жоғары болады.


Бұл операция митралді ақауы бар қан тамырларының зақымдануы, өкпенің, бауырдың созылмалы аурулары, эндокриндік патология, онкология сияқты күрделі ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетілген.


«Митралді қақпақшаны ауыстыру үлкен хирургиялық кесулерсіз, жасанды қан айналымы мен жалпы наркозсыз, рентгендік бақылаумен санның көктамырын тесу арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияның артықшылықтарының бірі - төс сүйегін тілу әсерлерін, яғни, қан жоғалту, пациенттің ауырсыну синдромының қарқындылығын, операциядан кейінгі тігіспен байланысты инфекция қаупін азайтады. Эндоваскулярлық технологияны қолдану пациенттердің оңалту кезеңін де едәуір қысқартады»,- дейді ол.


Дәрігер қазір науқастың жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.