ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда жүрекке алғаш рет трансплантация жасалған...

Алматыда жүрекке алғаш рет трансплантация жасалған науқас ауруханадан шығарылды

Медицина 29.12.2025, 11:49 256
Алматыда жүрекке алғаш рет трансплантация жасалған науқас ауруханадан шығарылды
Алматы қалалық кардиологиялық орталығы
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында қараша айында алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған 34 жастағы науқас ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы...

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында қараша айында алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалған 34 жастағы науқас ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Аталған науқас – созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысына шалдыққан 34 жастағы азамат. Ол бұған дейін жүрек ауыстыру отасын күтіп, республикалық кезекте тұрған.

Бес сағаттан астам уақытқа созылған жүрек ауыстыру отасы сәтті аяқталды. Күрделі отаны Алматы қалалық кардиологиялық орталығының білікті мамандарынан құралған мультидисциплинарлық команда Астанадағы University Medical Center дәрігерлерімен бірлесіп жасады. Оған Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев пен UMC корпоративтік қоры басқарма төрағасы, профессор Пя Юрий Владимирович жетекшілік етті. Қажетті қолдау көрсету үшін UMC мамандары Алматыға жедел түрде келді.

Қалалық кардиологиялық орталықта жоғары технологиялық ота жасауға барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда білікті кардиологтар, кардиохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, перфузиологтар мен операциялық мейірбикелер қызмет атқарады. Заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізіліп, халықаралық стандарттарға сай жабдықтар қолданылады.

Сауыққан науқас дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылық білдіріп, әрбір кезеңде көрсетілген қамқорлық пен кәсіби біліктілікті ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде ол жақындарының жанында болып, өмірге қайта оралудың қадірін бұрынғыдан да жақсы сезінеді. 

«Ауруымның бәрі энергетик сусындардан басталды. Басында күніне бір бөтелкемен шектелсем, кейін күн сайын 8-10 энергетикалық сусынға дейін жеттім. Мұның соңы ауыр диагнозға әкелетінін аңғармаппын. Бүгін мен дәрігерлердің жанкешті еңбегінің арқасында тірімін. Енді денсаулықтың адам өміріндегі ең үлкен байлық екенін анық түсіндім», – деді науқас.

Ауруханадан шыққаннан кейін науқас тіркелген емханасында дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Жүрек трансплантациясын қоса алғанда, стационарлық ем, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, оңалту және кейінгі медициналық бақылау мемлекеттік кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында мемлекет есебінен көрсетіледі.

Еске сала кетейік, артериялық гипертензияның ауыр түрімен ауырған, инсульт алған 50 жастағы әйел донор болды. Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілгеннен кейін дәрігерлер консилиумы оның ми өлімін анықтап, мәйіттік донорға рұқсат берді. Марқұмның туыстары келісімін берген соң донорлық үдеріс ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.