ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды

Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды

Алматы 25.12.2025, 08:52 364
Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы қорытындыланды
Алматы әкімдігі
Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде жабуға арналған "ALMATY PROF SKILLS: нәтижелері және даму перспективалары" атты қалалық форумы өтті.

Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы салтанатты түрде жабуға арналған "ALMATY PROF SKILLS: нәтижелері және даму перспективалары" атты қалалық форумы өтті. 

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау бойынша тапсырмаларын орындау, жұмысшы мамандықтар жылында қол жеткізілген нәтижелер мен үздік тәжірибелер бойынша қорытынды жасалды. 

Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығыда қалалық колледж студенттері арнайы көрме ұйымдастырды. Онда колледждерге серіктес кәсіпорындар мен тәлімгерлер біріккен жұмыс нәтижелерін паш етті.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан оқытушылар мен мамандар марапатталды. Республикалық WorldSkills байқауында командалық бірінші орынға ие болған Алматы колледждерінің студенттеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.

-Биыл ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз бар. Соның ішінде ерекше алматылық команданың "WorldSkills Kazakhstan" чемпионатында жүлделі бірінші орын алуын атап өтуге болады. Алматы қашанда білім, бизнес, мәдениет орталығы болған, солай болып қала береді. Алып шаһар Алматы күрделі даму үстінде және оның экономикасы да күрделене түседі. Соған сәйкес, біз қала сұранысын қамтамасыз ететін тиісті мамандарды дайындай білуіміз керек. Осы бағытта колледждер желісінің атқаратын орны орасан зор. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған "Жұмысшы мамандықтар жылы" бұл жылмен тоқтап қалмайды. Бұл тек үлкен бір жолдың тағы бір белесі, – деді Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта мегаполисте экономиканың негізгі салалары үшін мамандар дайындайтын 88 колледж жұмыс істейді. Олардың 22-сі мемлекеттік, 66-сы жекеменшік. Педагогтардың жалпы саны – 5 626 адам, ал студенттер саны – 86 818 адамға жетеді. Олардың жартысынан көбі (50 428) мемлекеттік грант есебінен білім алады.

Одан бөлек Алматы колледждерінде дайындық 131 мамандық бойынша және 220 біліктілік бойынша жүргізіледі. Бұл бағыттар құрылыс, көлік, энергетика, қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, экономика, байланыс және IT сияқты еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылған. 2025 жылғы түлектердің 94,3%-ы сәтті жұмысқа орналасты. Болашақ мамандарды еңбек нарығының талаптарына бейімдеу және өндірістің нақты жағдайларында тәжірибелік дағдылар қалыптастыру мақсатында 770 кәсіпорынмен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған. 52 колледжде дуалды оқыту түрі бойынша 22 067 студент оқиды. Яғни теориялық білімнен бөлек серіктес кәсіпорында жұмыс істеп, тәжірибе жинай алады.

Сонымен қатар, 2025 жылы 132 оқытушы АҚШ, Қытай және Сингапурда тағылымдамадан өтті. Халықаралық ынтымақтастық – Алматы кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.