Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда бастала...

Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда басталады

Әлеумет 06.05.2024, 10:48 874
Алматыда жолдарды орташа жөндеу 1 маусымда басталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 2024 жылы ұзындығы 250 км 274 көшені орташа жөндеу жоспарлануда. Қаланың көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 3097 км құрайды. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ағымдағы жылы 92% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.


Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, жұмыстарды жазда бастау жоспарлануда, бұл ретте 20 магистральдық көшені жөндеу 25 тамызға дейін, ал аудандық көшелерді жөндеу биылғы қазан айының соңына дейін аяқталады. 



Әр көше сегменттік қабаттағы учаскелерге бөлінеді. Учаскелерде мердігерлік ұйымдар басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер орнатылады. Барлық смегменттік қабаттар туралы қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланатын болады, сондай-ақ жөнделетін учаскелер «2ГИС» және «Яндекс карталар» сервистерінде көрсетіледі.




Жолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жөндеу аясында қосымша қауіпсіз орындар мен жаяу жүргіншілер өткелдері құрылатын болады. Тротуарлар мен зақымдалған арық науаларды жөндеу жоспарланған. Фрезерленген материал қайта пайдалану үшін аудан әкімдіктеріне беріледі.



Айта кетерлігі, өткен жылы пилоттық режимде қаланың 15 магистральдық көшесінде жөндеу кезінде жолға және жарыққа төзімділікті арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон пайдаланылды. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа көп әсер етпестен оңай төтеп бере алады, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – Қазіргі 5 жыл жұмыс істеудің орнына 8-10 жыл. Ағымдағы жылы бұл тәжірибе жалғасатын болады. Мәселен, полимерасфальтбетонды ұзындығы 57 км болатын 20 магистральдық көшені және аудандық маңызы бар ұзындығы 19 км 12 көшені жөндеу кезінде қолдану жоспарланып отыр.



Естеріңізге сала кетейік, мегаполис тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаның @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы қала тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырларды жоюға өтініш бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.